banner glavkz

Директор

Бейсембаев Эльдар Болатұлы

                       

 

Бейсембаев Эльдар Болатұлы 1968 жылы 3-наурызда Алматы қаласында туған.
Алматы қаласындағы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті), Түсті металдар металлургиясы кафедрасын, Инженер-металлург – мамандығы бойынша оқып, бітіріп шықты.
1986 жылдан 1988 жылға дейін КСРО Қарулы күштерінде қызмет атқарды.
1991-1992 жылдары Рига қаласында бүкілодақтық «Менеджер, бизнес және басқарудығы практикалық  психологиясы»  мектебінде оқыды.
Өзінің еңбек жолын 1990 жылы ҚР Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында, СВС зертханасында бастады.
1999 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, тау-кен металлургия кешені басқармасының бас маманы.
2001 жылы Қызылорда облысында «ШалкияЦинк» тау-кен металлургия компаниясында ТКМК бас металлургы лауазымында жұмыс атқарды.
2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «ЦХТИ» РМК-ның «Металлургия және байыту институты» ЕМК-ға қайта оралып, Инновациялық бағдарламалар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2006-2010 жылдары «SAT & COMPANY» АҚ-ның Жобаларды басқару департаментінің директоры, Алматы қаласында компанияның тау-кен және металлургия блоктарына жетекшілік етті.
2010 жылы  Астана қаласында «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ның  жобалық менеджері болды.
2013 жылы «Tau-Ken Project» бірлескен Қазақстан-Австралия кәсіпорны»  ЖШС басқарды, Астана қаласы Басқарма Төрағасы.
2015 жылдан ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби апаттық-құтқару қызметі» РМК ШҚО филиалының Жедел-техникалық бөлімінің бастығы, Өскемен қаласы.
2019 жылдан «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «Металлургия орталығы» филиалының директоры лауазымын атқарды.
2025 жылдың 3 наурызынан «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «ҚАЗКЕРН» геология және минералдық шикізат экономикасы институты» филиалының директоры.
Оның төрт ғылыми мақаласы бар, оның 2-уі нөлдік емес импакт-факторда, 2 монографиясы және түсті және қара металлургия саласында өнертабысқа 12 патенті бар.
Kazzinc, Kazakhmys, ArcelorMittal, Kazchrome комбинаттарында және ТКМК басқа да кәсіпорындарында экономикалық нәтиже ала отырып, ғылыми әзірлемелерді енгізуге қатысты. Сондай-ақ қазақстандық және шетелдік кәсіпорындардың ТКМК түрлі техникалық-экономикалық аудитіне қатысты.
2025 жылдың 15 шілдесінен «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директорының бұйрығымен Э.Б. Бейсембаев «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология  ғылыми-өндірістік бірлестігі филиалының директоры қызметіне тағайындалды.  

 ____________________________________________________________________________