banner glavkz

Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

 

Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы

 

ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3988-8444

Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы, 1988 жылы туған, қазақ, білімі жоғары – 2010 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Металлургия» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді, ал 2015 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) 6М070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2015 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша докторантураға түсті және оны 2018 жылы «Сульфидті кеннен реагент-активаторын қолдану арқылы алтынды қарқынды цианирлеу үрдісінің технологиясын әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2019 жылғы 6 наурыздағы шешімімен Б. Сүрімбаевқа 6М070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Еңбек жолын 2010 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің (Қазмеханобр) асыл металдар зертханасының 1 санатты инженері лауазымынан бастады.

Асыл металдар зертхансында 2013 жылдан 2019 жылға дейін ғылыми қызметкер, 2019 жылдан бастап аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2021 жылғы 1 мамырдан бастап асыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері лауазымын қоса атқара отырып, ғалым хатшы лауазымына ауыстырылды. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ғалым хатшы лауазымын, асыл металдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері лауазымымен ұштастырды.

Соңғы бес жыл ішінде 70-тен астам ғылыми-зерттеу жұмыстарына және жартылай өнеркәсіптік сынақтарға қатысты. 2023-2025 жылдарға арналған AP19677446 «Кендер мен гравитациялық концентраттардан алтынды шаймалаудың инновациялық қарқынды технологиясын әзірлеу» гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі.

Б.Н.Сүрімбаев «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған (№2396 Куә., 01.07.2023 ж. №574-к берілді).

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.12.2024 ж. 591 бұйрығымен оған дарынды жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендия берілді.

2025 жылғы 5 қаңтардан бастап Б.Н. Сүрімбаев асыл металдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері лауазымын қоса атқара отырып, Қазмеханобр директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

_________________________________________________________________________