banner glavkz

28.11.2024 ж.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы» РҚБ-ы президенті, академик Мұрат Жұрынұлы Жұрыновтың бастамасымен «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ-да Вьетнам ғылым және технологиялар академиясының (ВҒТА) делегациясымен ресми кездесу өтті.

Іс-шараға ВҒТА тарапынан академия президенті, академик және профессор Чау Ван Минь, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, доктор Л.Э. Куинь Лиен, ұйымдастыру-кадрлық және инспекциялық комитет басшысының орынбасары, профессор Нгуен Нгок Тунг, Химиялық технологиялар институтының директоры, профессор Хоанг Тхи Ким Дунг, Материалтану институтының директоры, профессор Хоанг Ань Сон, сондай-ақ Геофизика институтының директоры, доктор Нгуен Сюань Ань қатысты.

Қазмеханобр тарапынан: Қазмеханобр директоры ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Т. Шалғымбаев, директор орынбасарының м.а. - минералды шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің бастығы, академик Е.А. Бөкетов атындағы сыйлықтың лауреаты. Э.М. Ли, асыл металдар зертханасының (АМЗ) меңгерушісі, ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Л.С.Болотова, ғалым хатшы, АМЗ жетекші ғылыми қызметкері, PhD Б.Н. Сүрімбаев, жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің төрағасы, АМЗ аға ғылыми қызметкері, докторант Е.С. Қаналы және Қазмеханобрдың басқа да қызметкерлері қатысты.

Сапар аясында ВҒТА өкілдері түрлі кендер, техногендік шикізат пен кен-металлургия кешендерінің қалдықтарын байыту және өңдеу жөніндегі Қазмеханобрдың зерттеулерімен және әзірлемелерімен егжей-тегжейлі танысты. Өз кезегінде Вьетнам тарапы кездесуге қатысқан Қазмеханобр өкілдерін Вьетнам институттарында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер туралы хабардар етті. Сондай-ақ кездесу бағдарламасында Қазмеханобрдың жартылай өнеркәсіптік сынақ фабрикасына бару қарастырылған, онда құрметті қонақтар ұсақтау, флотация, гидрометаллургия корпустарында болып, Қазмеханобрдың әлеуетін өз көздерімен көре алды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алтынқұрамды және полиметалл кендерін байыту мен өңдеу саласындағы одан әрі ынтымақтастық үшін қызметтің алдын ала бағыттарын белгіледі.

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу