banner glavkz

02.11.2025 ж.

Қазмеханобр өкілдерін жаңа жылдық мерекелердің аяқталуын және көктемнің жақын арада басталуын білдіретін Шамдар мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға шақыру

Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Цзян Вэй ханым мен ғылым және техника жөніндегі консул Чжан Вэй, Шамдар мерекесіне орай салтанатты қабылдауға, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ-ы директоры С.Т. Шалғымбаевқа, асыл металдар зертханасының меңгерушісі Л.С. Болотоваға және директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.Н. Сүрімбаевқа шақыру билеттерін жіберді.

Қазмеханобр өкілдерін, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй мен ғылым және техника жөніндегі консул Чжан Вэй  жылы қарсы алды. Салтанатты қабылдауда ҚХР үкіметінің шетелдік мамандарға арналған беделді наградасы «Достық» медалінің иегері Қазмеханобрдың асыл металдар зертханасының меңгерушісі Болотова Людмила Сергеевнаға ерекше көңіл бөлді. Оның Қытайдың алтын өндіру өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Өз кезегінде, Қазмеханобр өкілдері қабылдаушы тарапқа жылы қабылдағандары үшін алғыстарын білдірді.

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу