banner glavkz

03.05.2025 ж.

Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

 

«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-пен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою арқылы ғылым мен өндірістің байланысын кеңейткенін қуана хабарлаймыз.

Соңғы үш жылда осы университеттің 160-тан астам студенті, оның ішінде магистранттар мен докторанттар Қазмеханобрада оқу-таныстыру, өндірістік және ғылыми-зерттеу практикасынан өтті.

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-мен жасалған меморандум, екі тарап үшін де, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, ғылыми іс-шаралар, білім беру бағдарламалар, конференциялар, семинарлар мен дәрістерді ұйымдастыруда және өткізуде жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, бейінді басылымдарда мақалалар жариялау, оқу және өндірістік практикаларды, тағылымдамаларды ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Екі тарап ұйымдастыратын конференциялар, форумдар және басқа да іс-шараларға қатысу, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау арқылы тәжірибе мен білім алмасу да маңызды бағыт болады.

 

                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу