banner glavkz

26.05.2025 ж.

Нархоз университеті мен Қазмеханобр арасындағы
білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы
МЕМОРАНДУМ

 

Қазмеханобр директоры Н.А. Үсенов және Нархоз университетінің президенті - Басқарма төрағасы Қ.Т. Қожахмет Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын қуана хабарлаймыз. Бұл келісім ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болды.

Қол қою аясында Қазмеханобр өкілдері де қатысты: директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, асыл металдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Б.Н.Сүрімбаев, сондай-ақ асыл металдар зертханасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, химия ғылымдарының кандидаты Л.С. Болотова.

Серіктестік тау-кен-металлургия саласында жасанды интеллектті (ЖИ) талдау, зерттеу және енгізу, машиналық оқыту және процестерді автоматтандыру саласындағы бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа перспективалар ашады. Алтынқұрамды, полиметалл және басқа да кендер мен өнімдерді байыту, өңдеу және гидрометаллургия технологияларында ЖИ-ді қолдануға ерекше назар аударылатын болады.

Меморандум бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуді, ғылыми мақалалар жариялауды, мамандардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ ғылыми іс-шараларды, білім беру бағдарламаларын, конференцияларды, семинарлар мен дәрістерді ұйымдастыруды көздейді.

Бұл ынтымақтастық тау-кен-металлургия саласы үшін инновациялық ЖИ-шешімдерді дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосатын болады.

 
                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу