banner glavkz

28.05.2025 ж.

Қазмеханобрадағы семинар:
«JEOL JSM-IT710 (Жапония) мысалындағы заманауи сканерлеуші электронды микроскопия»

 

Қазмеханобрада тау-кен металлургия саласы міндеттерінде электрондық микроскопияның заманауи технологияларын практикалық қолдануға арналған семинар өтті.

Негізгі назар минералды шикізат пен өнеркәсіптік өнімдердің құрамын, морфологиясы мен құрылымын жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік беретін заманауи жабдық – жапондық JEOL JSM-IT710 микроскобында болды.

Негізгі баяндамашы: «ҚР-дағы Interactive Corporation» АҚ өкілдігі директоры Андрей Батраков.

Қосымша баяндамашылар: Артур Юсупов, «Орионик» ЖШС директоры және Болат Меңдғалиұлы Сукуров, ЛФМА, Металлургия және байыту институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Іс-шараға қатысушылар микроскоптың техникалық мүмкіндіктерін, оны металлургияда және кендерді байытуда қолдану мысалдарын талқылады, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

 
                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу