banner glavkz

21.07.2025 ж.

Әріптестер үшін мақтанамыз: Металлургтер күніне лайықты марапаттар

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ ұжымы әріптестерін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Металлургтер күніне орайластырылған және көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі, сіңірген еңбегі үшін берілген марапаттарымен шын жүректен құттықтайды.

«Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар:

– Болотова Людмила Сергеевна, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), асыл металдар зертханасының меңгерушісі;

– Ли Эра Менчуковна, минералдық шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімінің бастығы.

II дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталғандар:

– Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы, PhD, қауымдастырылған профессор (доцент), директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, асыл металдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.

III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталғандар:

– Король Ольга Владимировна, асыл металдар зертханасының 5-ші разрядты пробир-зертханашысы;

– Ерисковская Елена Павловна, минералдық шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімінің 5-ші разрядты флотаторы.

Басшылық саланың дамуына қосқан үлесі, адалдығы үшін алғыс білдіреді және жаңа кәсіби жетістіктер, мықты денсаулық пен амандық тілейді!

 
                           

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу