banner glavkz

12.08.2025 ж.

«Nature First» қоры мен Қазмеханобр арасында әріптестік туралы келісім жасалды

 

2025 жылғы 23 шілдеде Алматы қаласында «Nature First» қоғамдық экологиялық қоры мен Қазмеханобр арасындағы ынтымақтастық және бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.

Құжатқа «Nature First» қорының вице-президенті Тимур Валиевич Бадельбаев және Қазмеханобр директоры Эльдар Булатович Бейсембаев қол қойды.

Тараптар экология, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу бағытындағы жобаларды бірге іске асыруға келісті. Ынтымақтастық тәжірибе мен ақпарат алмасуды, бірлескен іс-шаралар өткізуді, өзара әдістемелік және техникалық көмек көрсетуді қамтиды. Келісімге қол қою қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бағытында тиімді жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін ашып, екі ұйымның ғылыми және тәжірибелік әлеуетін біріктіреді.

 
                                

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу