banner glavkz

 

27-29.08.2025 ж. 

«Пустынное» ТКМК-ға іссапар

 

2025 жылдың 27-29 тамызында директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, асыл металдар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор (доцент) Б.Н. Сүрімбаев, сондай-ақ асыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкерлері Е.С. Қаналы, М.Д. Ақжаркенов және Е.Қ. Есенғараев бастаған Қазмеханобр қызметкерлері өндірістік процестермен танысу және озық тәжірибені зерттеу мақсатында «Пустынное» тау-кен-металлургия кешенінде іссапарымен барып қайтты.

«Пустынное» тау-кен-металлургия кешені алтынқұрамды кенді өңдеудің барлық циклін – кен дайындау, гравитация-флотация, гравитациялық концентратты қарқынды циандауды қамтитын (Acacia) алтын өндіру фабрикасын және ашық тау-кен кенішін (карьерді) құрайды. Элюрлеу, электролиз және балқыту сияқты технологиялық процестің бір бөлігі «Алтыналмас Technology» ЖШС-де жүргізіледі.

«Алтыналмас Technology» ЖШС алтынқұрамды флотоконцентратты өңдейтін бағалы металдар өндіретін зауытты және Долинное кен орны кенін өңдейтін алтын өндіру фабрикасын қамтиды. Бағалы металдарды өндіру зауытының технологиялық схемасы 0,010 мм-ге дейін флотоконцентратты ультра жұқа ұнтақтаудан (IsaMill), CIL (цианид ерітінділерімен алтынды шаймалау процесі, белсендірілген көмірмен металды адсорбциялау), элюрлеу, электролиз және Доре қорытпасының тауарлық өнімін алу үшін балқытудан тұрады.

 

Техникалық бағдарламаны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін «Алтыналмас АК» АҚ басшылығына және кәсіпорын қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді:

• Техникалық мәселелер жөніндегі бас атқарушы директор, Басқарма мүшесі — Джалолов Бахром Бурхоновичке;
• Техникалық мәселелер жөніндегі басқарманың техникалық үйлестірушісі — Мусралиева Баян Айдарқызына;
• «Пустынное» КБК МетЗерт инженері — Саликова Мариямға;
• МетЗерт аға зертханашысы — Сләмбеков Әсетке;
• Бас кенші — Кардашин Арсенийге,
• Аға геолог — Нұрмұхамбетов Ерасылға;
• «Пустынное» АӨФ аға технологы — Молдабаев Дінмұхамедке;
• «Долинное» АӨФ аға технологы — Бопанов Нұрланға;
• «Долинное» АӨФ ауысым мастері — Бекқұлов Ғалымжанға;
• ОТК бастығы — Нышанов Ғалымханға;
• ОТК бақылаушы мастері — Сағатбеков Жанисламға;
•Қалдықтар қоймасы бастығы — Жапаров Азаматқа;
• ALS зертхана бастығының орынбасары — Сағындықова Майраға.

 

Бұл іссапарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті AP19677446 «Кендер мен гравитациялық концентраттардан алтынды шаймалаудың инновациялық қарқынды технологиясын әзірлеу» жобасы шеңберінде қаржыландырылды.

 
                                

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу