banner glavkz

 

23.07.2025 - 22.08.2025 ж. 

Ташкент қаласында ғылыми тағылымдама

 

«Металлургия» білім беру бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ докторанты және Қазмеханобрдыңасыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері Қаналы Ерназар Серікұлы 2025 жылдың 23 шілдеден 22 тамызға дейін Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінде (Ташкент қ., Өзбекстан) шетелдік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. Тағылымдаманың ғылыми жетекшісі химия ғылымдарының докторы, Жалпы химия кафедрасының профессоры Гүлнора Ақмалқызы Ихтиярова болды.

Тағылымдамаға мыналар кірді:

  • металлургия және химиялық технология саласындағы әріптестермен тәжірибе және білім алмасу;
  • университеттің зертханалық базасымен танысу;
  • докторанттың диссертациялық жұмысы бойынша қойылған міндеттерді орындау үшін зертханалық зерттеулер жүргізу;
  • бірлескен жобалар мен жарияланымдардың перспективаларын талқылау.

Мұндай сапарлар көкжиектерді кеңейтуге, білімді байытуға және ғылымның дамуына ықпал етеді.

 
                                

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу