banner glavkz

 

26.08.2025 - 29.08.2025 ж. 

Қазмеханобр ғалым хатшысының RGS-IBG Annual International Conference 2025 (Ұлыбритания) конференциясына қатысуы

2025 жылғы 26–29 тамыз аралығында Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) Еуропадағы ең ірі географтардың ғылыми кездесулерінің бірі – RGS-IBG Annual International Conference 2025 өтті. Конференцияны Ұлыбританияның Корольдік географиялық қоғамы мен Британ географтар институты бірлесіпұйымдастырды. Іс-шараға дүниежүзі мемлекеттерінен 2100-ден астам ғалым зерттеушілер мен тәжірибелі мамандар қатысты. Бағдарламада «Geographies of Creativity/Creative Geographies» тақырыбына арналған 400-ден астам сессия болды.

Конференция аясында Қазмеханобр ғалым хатшысы, PhD Кенеспаева Лаура Байырбекқызы, Оксфорд университетінің профессоры Влад Мехненко және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD, аға оқытушысы Келинбаева Роза Жармұхаметовнамен бірлесіп келесі тақырыпта баяндама жасады:«Economic convergence and territorial cohesion in post-Soviet Central Asia: Towards a new geographical political economy of Kazakhstan» (Посткеңестік Орталық Азиядағы экономикалық конвергенция мен аумақтық даму үйлесімділігі: Қазақстанның жаңа географиялық саяси экономикасы).

Бұл баяндама қазақстандық және британдық ғалымдардың әлеуметтік-экономикалық зерттеулер мен аймақтық даму саласындағы бірлескен еңбегінің нәтижесі болды. Баяндама секция қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық трансформация мен аумақтық дамуды халықаралық ғылыми талқылауда маңызды үлеске айналды.

 
                                

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу