banner glavkz

 

09.12.2025 ж.  

Қазмеханобр, Алмалық мемлекеттік техникалық институты (Өзбекстан) және Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ өкілдерінің кездесуі өтті

 

Бүгін Қазмеханобрда Алмалық мемлекеттік техникалық институты (Өзбекстан), Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті .И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) және «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ (Қазмеханобр) өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Алмалық мемлекеттік техникалық институты (Өзбекстан) атынан:

  • Эрназаров Махамат-Тохир — «Металлургия» кафедрасының доценті;
  • Болтаев Олмос Нажмидинович — «Металлургия» кафедрасының доценті;
  • Жалолов Бахтиержон Адхамжон — «Металлургия» кафедрасының докторанты;
  • Шайманов Икром Исматулла — «Металлургия» кафедрасының докторанты;

Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ атынан:

  • Барменшинова Мадина Бөгембайқызы — О.А. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институтының «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының меңгерушісі.

Қазмеханобр атынан:

  • Бейсембаев Эльдар Болатұлы — директор;
  • Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы — директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары;
  • Болотова Людмила Сергеевна — асыл металдар зертханасының меңгерушісі;
  • Қаналы Ерназар Серікұлы — асыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Есенғараев Ерлан Қайратұлы — асыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері;
  • Алтынбек Шынар Чайбекқызы — асыл металдар зертханасының аға ғылыми қызметкері.

Кездесу барысында тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Асыл және түсті металдарды өңдеу саласындағы бірлескен жобаларға, сондай-ақ техногендік шикізатты пайдалануға байланысты зерттеулер мен технологияларға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар серіктестік байланыстарды нығайтуға, ғылыми алмасуды кеңейтуге және екі елдің тау-кен металлургия кешенін дамытуға бағытталған инновациялық бастамаларды ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді.

 
                                

 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу