banner glavkz

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ Филиалының ҒЫЛЫМИ–ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

        1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» Мемлекеттік республикалық кәсіпорын «Қазмеханобр» Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі» филиалының (әрі қарай – Филиал) Ғылыми-техникалық кеңесінің (әрі қарай – ҒТК) мақсатын, міндеттерін құрылымын және атқарымдық саласының жұмысын ұйымдастыруды анықтайды.
1.2 ҒТК Филиалдың тұрақты жұмыс жасайтын сабағаттық-кеңесші, алқалы органы болып есептеледі.
1.3 ҒТК негізгі міндеті ғылыми зерттеулер мен жұмыстардың негізгі бағытын анықтау. Бірігіп өткізгендегі ұйымдармен Филиал құрылымдары орындаған ғылыми зерттеу жұмыстарының тематикалық жоспарларын үйлестіру, сонымен қатар ҒЗТКЖ орындалу қорытындысының сараптамасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
1.4 ҒТК құрамында секциялардың құрылуы қарастырылады.
Секциялар ҒТК отырысында болашақта қарастыру үшін жеке технологиялық блоктар бойынша орындалатын инновациялық жобалардың сараптамасы мен үйлестіруін әдістемелік қамтамсыз ету сұрақтары бойынша материлдар мен алдын ала танысып дайындайды.
1.5 ҒТК қызметі, ерікті талқылау және қарастырылатын сұрақтар бойынша ұжымдық шешім қабылдау демократиялық принциптеріне негізделеді.
1.6 ҒТК өз қызметінде Осы Ережені, Филиалдың Ережесін, Филиал бойынша бұйрықтар мен өкімдерін, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК бұйрықтары мен өкімдерін және Қазақстан Республикасының заң шығаратын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2.Негізгі міндеттері

2.1 Ғылыми- техникалық кеңестің негізгі міндеттері:
-    Филиалдың инновациялық, ғылыми, ғылыми- техникалық қызметі туралы сұрақтарын қарастыру, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген мемлекеттің инновациялық, ғылыми- техникалық қызметі мен басым бағытын жетілдіруге көмектесу мақсатында пікір айтып ұсыныс жасау;
-    шаруашылық тақырыптары бойынша және бюджеттік қаржыландыру шегінде орындалған ҒЗТКЖ қорытындыларына ғылыми сараптама өткізу (егер ерекше талаптар қарастырылмаса), қорытындаларды бағалау және олардың ғылыми және практикалық маңыздылығына тұжырымдама жасау.                                 
2.2 Ғылыми-техникалық кеңес келесі қызметтер атқарады:
-    Филиалдың қызметі туралы жиынтықты есептер мен жоспарларды қарастырып бекітеді;
-    «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК арқылы, ҚР БҒМ ғылым және білім саласын бақылау бойынша Комитеті алдында Филиалдың қызметкерлерінің істерін карап оларға ғылыми атақ беруге өтініш жасайды;
-    сәйкесті органдарға техника, ғылым және білім саласындағы жетістіктері үшін марапаттау немесе сыйлықақы беруге орындалған жұмыстармен кандидатуралар бойынша кепілдемелер дайындайды;
-    Филиал қызметкерлерінің аттестациядан өткізілуін бақылайды;
-    ғылыми қызметкерлердің сынақ мерзімінен өтуін және біліктілігін жоғарлатуға дайындау бойынша ұсыныстарын қарайды;
-    ҒЗТКЖ келешектегі бағыттары бойынша кепілдемелер жасайды;
-    Филиал құрылымдары өткізетін ағымдағы ғылыми-техникалық жұмыстарының орындалу деңгейін бақылауды жүзеге асырады.

 

                             3.Құқықтары және жауапкершілігі

3.1. ҒТК мүшелері құқықты:
-    ҒТК отырыстарына шешуші дауыс құқығымен қатысуға;
-    ҒТК отырысында талқылауға сұрақтар енгізуге;
-    ҒТК отырысының хаттамасына өзінің ерекше пікірін енгізуге;
-    белгіленген тәртіп бойынша ҒТК отырысына дайындалған материалдарды қолдануға.
3.2. ҒТК мүшелері жауапты:
-    ҒТК құрамындағы жұмыстардың қорытындысына;
-    ҒТК төрағасының тапсырмаларын орындауға;
-    ҒТК отырысының дайындығына қатысуға (сараптама, рецензиялар, баяндамалар , шешімдер жобаларын дайындау);
-    ҒТК отырысының шешімдерін   жауапкершілікпен мерзімінде орындауға.
3.3. Ғылыми хатшының құқықтары:
-    Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары мен басшыларын ҒТК отырысының дайындығына қатысуға тарту.
-    Филиал қызметкерлері мен ҒТК мүшелерінен ҒТК жұмыстарының жоспарын құруға ұсыныс енгізулерін талап ету.
-    Жоспарланған отырысқа кем дегенде 15 күн қалғанда отырыста баяндама жасайтын немесе сөз сөйлейтіндерден ұсынылатын материалдарын қағаз немесе электрондық тасымалдауыштарда ұсынуын талап ету.
-    ҒТК отырысында баяндама жасайтын немесе сөз сөйлейтіндер қажетті материалды мерзімінде ұсына алмаған жағдайда сұрақты күн тәртібінен алып тастау туралы ҒТК төрағасына өтініш жасау керек.
3.4. Ғылыми хатшы күн тәртібінің қалыптасуына және ҒТК мүшелеріне отырыстың болатын күні мен орнын хабарлап айтуға жауапты.
3.5. Ғылыми хатшы өз құзыреті шегінде, Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми қызметкерлерінің қол қойылған құжаттарына , құжаттар көшірмелеріне өз қолын қояды. Кейбір қаралған сұрақтар немесе қабылданған шешімдер бойынша   ҒТК отырысының хаттамасын дайындап, береді.
 

 

4.ҒТК қызметін ұйымдастыру және қалыптастыру
4.1 Ғылыми-техникалық кеңестің құрамы Филиал директорымен бекітіледі.
4.2 Ғылыми- техникалық кеңестің құрамына лауазымы бойынша Филиал директоры – ҒТК төрағасы, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары – ҒТК төрағасының орынбасары, ғылыми хатшы – ҒТК хатшысы кіреді.
4.3 ҒТК мүшелері – құрылымдық бөлімшелердің ұжымының жиналысында ғылыми қызметкерлер және біліктілігі жоғары мамандар қатарынан сайланады.
4.4 ҒТК төрағасы жалпы басшылықты жүзеге асырады және ҒТК қызметіне жауапты. ҒТК төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін ҒТК төрағасының орынбасары атқарады.
4.5 ҒТК отырысына қатысушылардың шешім қабылдау үшін ашық немесе құпия түрде (ҒТК шешімі бойынша) дауыс берумен қажет болса ҒТК мүшелері емес, ғалымдармен мамандарды талқылауға шақырумен ҒТҚ отырысының күн тәртібіне кіретін сұрақтарды алқалық қарастыру ҒТҚ жұмыстарының негізгі нысаны.
4.6 ҒТК отырысына мүшелерінің үштен бір бөлігі қатысса құқықтылықты болып есептеледі.
4.7 Егер ҒТК шешімдеріне ҒТК мүшелерінің көпшілігі дауысын берсе олар кепілдемелік және құқықтылықты болып есептеледі.
4.8 ҒТК кепілдемелері Филиал директорының сәйкесті бұйрығы шыққаннан кейін ғана өз күшіне енеді.
4.9 ҒТК отырысы әдеттегідей қажеттілігіне қарай әр тоқсанда бір реттен кем емес бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты түрде өткізіледі. ҒТК отырысының күн тәртібіне жоспарланған сұрақтардан басқа да сұрақтар енгізілуі мүмкін.
4.10 ҒТК отырысы мүшелерінің отырысқа қатысу үшін өкілеттілігін табыстауға жол берілмейді. ҒТК отырысына қатысуға мемлекеттік, коммерциялық, қоғамдық ұйымдардың және ғылыми оқу орындарының өкілдері шақырылады.
4.11 ҒТК ұйымдастыру–техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету-отырыс болатын күннің күн тәртібін жасау, отырыста қаралатын материалдардың дайындығын бақылау, отырыс хаттамасын жүргізу және шешімдерін ресімдеу – ҒТК хатшысы жүзеге асырады.