banner glavkz

  Минералды шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімі

                                        
     
БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Ли Эра Менгуковна
тел.: +7 (727) 309-25-45
E-mail: li-era@mail.ru
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-6051-1652

 

Ли Эра Менгуковна – Минералды шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімінің бастығы, «Құрамында асыл металдары бар Қазақстан Республикасы кен орындарының мыс кендерін кешенді қайта өңдеу проблемаларын шешудің инновациялық жолдары» атты орындалған жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар Академиясының академигі Е.А. Бөкетов атындағы сыйлықтың лауреаты (2018 ж), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің III дәрежелі «Еңбек Данғы» (2017 ж.) төсбелгісімен марапатталған.

Минералды шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімі (МШБжЖӨСБ) келесі бағыттарға мамандандырылған:

– Әр түрлі минералды шикізаттың кендік және сынамалық дайындау жұмыстары.

             – Минералды шикізаттың байытылуына зерттеулер жүргізу: полиметалл, барит-полиметалл, қорғасын-мырыш, мыс-мырыш, мыс-алтынқұрамды, барит, марганец, хром, мыс-молибден, титан-цирконий және басқа да кендер мен техногендік түзілімдер.

             – ҚР ҚМК бекіту үшін қорларды нақтылау бойынша деректер бере отырып, жаңа кен орындарының кендерін байытуға зерттеулерді орындау.

           – Жаңа флотореагенттерді сынау бойынша зерттеулерді орындау.

           – Мынадай байыту әдістерін қолдана отырып, өнімділігі сағатына 60 кг дейінгі тәжірибелік-байыту фабрикасында технологиялық схемаларға жартылай өнеркәсіптік сынақтар жүргізу: гравитациялық (тұндыру машинасы, Нельсон ортадан тепкіш концентраторы, концентрациялық үстелдер, ауыр делдалдық сепаратор); флотациялық (камера көлемі 12 л флотомашиналар); жартылай өнеркәсіптік қондырғы ұсақтау кешенімен, дымқыл және құрғақ ұнтақтау диірмендерімен жабдықталған. Жартылай өнеркәсіптік сынақтар бастапқы ірілігі 0-300 мм 10-15 тонна кен сынамасында жүргізіледі.

           – Жұмыс істеп тұрған байыту фабрикаларын қайта жаңарту және жаңа фабрикаларын салу бойынша технологиялық регламенттер әзірлеу.

           – Табиғи орталарды биотестілеумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, заттар мен компоненттердің улылығын әртүрлі сынық нысандарын, соның ішінде сарқынды суларды, топырақтарды және өнеркәсіптік қалдықтарды қолдану арқылы анықтау.

 

  

 ____________________________________________________________________________ 

 

(үлкейту үшін  фотосуретке басыңыз )

            (фотосуретті жабу үшін -  Esc кл.басыңыз)

 

                            
                                      
       

____________________________________________________________________________