banner glavkz

Шикізатты дайындау, байыту және металлургия бойынша:

  • Ірілігі 300-340 мм 5-10 мм –ден  0,04-0,04 мм  дейін кенді, құрылыстық және басқа материалдарды уату, ұсату, топтастыру;
  • Полиметалдық,  барит-полиметалдық, қорғасын-мырыштық, мыс – мырыштық, мыс-құрамында алтыны бар, моно алтын, моно баритті, марганецті, мыс-молибдендік, титан-цирконийдік және басқа құрамды шикізаттарды қайта өңдеудің технологиялық сызбасы мен тәртібін әзірлеу;
  • Толық су айналымы жағдайында технологиялық сызбасы мен тәртібінін әзірлеу;
  • Қолданыстағы  байыту фабрикасы мен тәжірибелі құрылғыларды  жаңарту және жаңадан салу бойынша технологиялық тәртіптемені әзірлеу;
  • Сульфидті және сульфидті емес шикізаттарды қайта өңдеу кезіндегі технологияларды жетілдіру;
  • Кедей кен шикізат және техногендік қалдықтардан алтынды үйілмелі сілтілеп айыру технологиясын жүзеге асыру;
  • Алтынды тікелей және сорбциялық  цианидтеу, десорбциялау,  сорбенттер және электролиз қалпына келтіру  үдерістерін қоса ала отырып, алтын құрамды кендер мен байыту өнімдерін қайта өңдеудің гидрометаллургиялық технологиясын жүзеге асыру;
  • Күрделі қиын байытылатын өнімдерді қайта өңдеу үшін жаңа әдістер мен аппараттарды әзірлеу;
  • Асыл металдар құрамдас шикізаттарды, байыту өнімдері мен техногендік шикізатты технологиялық сертификаттау;
  • Мыс, алтын, күміс, никель, кобальт, қалайы және басқа құнды құрамдастарды алу үшін электрохимиялық және электромембрандық үдерістерді пайдаланумен полиметалды кендерін,  концентраттар мен байыту өндіріс өнімдерін қайта өңдеудің гидрометаллургиялық технологиясын жүзеге асыру;
  • Ерітінділерден ағызынды суды залалсыздандырып металды электрохимиялық әдісімен алу технологиясын әзірлеу;
  • Таза тауарлы өнімдерді: әлемдік стандарттарға сәйкес мыс, мырыш, никель, алтын алуымен қиын алынатын техногендік шикізатты қайта өңдеудің жаңа тиімді электрохимиялық технологиясын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Тапсырыс берушінің талабы бойынша жартылай өндірістік сынақтарды жүргізу үшін технологиялық сызбаны таңдау;
  • Тапсырыс берушінің сызбасы және меншікті әзірлемелер бойынша жабдықтар мен құрылғыларды, бақылау құралдарын дайындау.