banner glavkz

 

 

ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН МАМАНДАР КЕҢЕСІ
             «ҚР МШКҰ ҰО» РМК ФИЛИАЛЫ
«ҚАЗМЕХАНОБР» МЕМЛЕКЕТТІК–ӨНЕРКӘСІПТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ  ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ
2013 ж. 31 шілдесінде Филиалдың  директорының № 136 бұйрығымен құрылды.
 
 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі (бастапқыда – Жас ғалымдар кеңесі, 22.06.2021 ж. № 107 бұйрығымен Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі болып өзгертілді), бұдан былай «ЖҒмМК» деп аталады, қоғамдық негізде тұрақты жұмыс істейтін жас ғалымдар мен мамандардың мүдделерін қорғайтын, жастар саясатын қалыптастыратын және жүзеге асыратын филиалдың жас ғалымдар мен мамандарының жиналысы алқалық кеңесші орган болып табылады.

 

ЖҒмМК мақсаты  Филиалдың жас ғалымдар мен мамандардың кәсіби өсуіне ықпал ету, өзекті ғылыми түйінді мәселелерді әзірлеу мен басымды ғылыми міндеттерді шешу үшін күштерін біріктіру, сонымен қатар жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми қызметін дамыту.

 

ЖҒмМК  жас ғалымдар мен мамандардыңалдына қойылған мақсаттарға жету үшін  келесі міндеттерді орындайды:

  • кәсіби өсуіне жәрдемдесу;
  • ғылыми зерттеу нәтижелерін таратуға және енгізуге жәрдемдесу;
  • ақпараттық қамтамасыз ету (ғылыми жастардың жұмысына қолдау көрсететін қорлар, гранттар, конференциялар, тәжірибе алмасулар, мектептер мен басқа іс-шаралар туралы ақпаратты ұсыну);
  • ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б өткізуді ұйымдастыру және жәрдемдесу.

 

Қоғамдық бастамаларда Кеңес төрағалары болып тағайындалды:

  • – Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы, PhD докторы, 2013-2021 жж.
  • – Агибаева Дина Нұрғисақызы, 10 маусым 2021 ж. бастап