banner glavkz

 Г.П.Штреккер атындағы Химия-аналитикалық зертханасы

  

                                  
     

 

Химия-аналитикалық зертханасы «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкестікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығымен аккредиттелген.

 

                                          
  

Аккредитация аттестаты 30.12.2022 жылы аккредиттеу субъектілерінің тізімінде №KZ.Т.02.0108 болып тіркелген, 30.12 2027 жылға дейін жарамды

____________________________________________________________________________  

Г.П. Штреккер атындағы Химия-аналитикалық зертханасы қызметінің негізгі бағыттары:

 Зертхананы аттестаттау және аккредиттеу саласына сәйкес табиғи, өнеркәсіптік сарқынды суларға және полиметалл, алтынқұрамды кендерге және оларды байыту өнімдеріне химиялық талдауларды орындау (асыл, түсті және қара металдарды, тау-жыныс құраушы компоненттерді анықтау, мысты, қорғасынды, мырышты, темірді, күкіртті фазалық талдау және т.б.).

Химия-аналитикалық зертханада ҚР МӨҚ  тізімдемесіне енгізілген және республиканың кәсіпорындарында пайдаланатын табиғи және өндірістік ағызынды суды талдау әдістемелері әзірленді: 

1) Амонийлі азотты Несслер реактивімен фотоколориметрлік анықтау әдістемесі. №КZ.07.00.00935-2018.

2) Нитратты натрий салицилатымен фотоколориметрлік анықтау әдістемесі. №КZ.07.00.00934-2018.

3) Өндірістік ағызынды суда цианидтерді фотоколориметрлік анықтау әдістемесі. №КZ.07.00.00931-2018.

4) Өндірістік ағызынды суда роданидты фотоколориметрлік анықтау әдістемесі. №КZ.07.00.00932-2018.

5) Өндірістік ағызынды суда күшән концентарциясын экстракциялы- фотоколориметрлік анықтау әдістемесі. №КZ.07.00.00933-2018.

Барлық әдістемелердің қолданылу мерзімі шектеусіз және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға болады.

Зертхана орындалатын талдау жұмыстарының жоғары сапасын растайтын Қазақстан Республикасы зертхана аралық салыстырмалы сынақтарға қатысады.

Зертхана жабдықтар, зертханалық құралдар, реактив және қосымша материалдармен жабдықталған, зертханада біраз жылдық еңбек өтілі бар білікті мамандар жұмысты атқарады. Бұл өз қызметі аясындағы мәселелерді нәтижелі шешуге мүмкіндік береді.

____________________________________________________________________________ 

(үлкейту үшін  фотосуретке басыңыз )

            (фотосуретті жабу үшін -  Esc кл.басыңыз) 

                                          
____________________________________________________________________________ 
                  
____________________________________________________________________________