banner glavkz

Қазмеханобр жас мамандарының шетелдегі сынақ мерзімі  

 ____________________________________________________________________________

Асыл металдар зертханасының ғылыми қызметкері Е.Қ. Есенғараев 2019 жылғы 7 – 18 қазан аралығында Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінде докторанттық ғылыми тағылымдамадан өтті (Екатеринбург қ., Ресей).  

                          

____________________________________________________________________________

Г.П. Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертханасының ғылыми қызметкері Ә.Қ. Бөгембаева 2019 жылғы 10 – 23 қараша аралығында Познань политехникалық университетінде магистрлік ғылыми тағылымдамадан өтті (Познань қ., Польша). 

                                      

____________________________________________________________________________

- 2018 ж. 20 шілдеден 20 тамыз аралығында Асыл металдар зертханасының кіші ғылыми қызметкері А.Мамбетжанова Вустердегі политехникалық институтында (Вустер қ, АҚШ) ғылыми – зерттеу сынақ мерзімінен өтті.

 ____________________________________________________________________________

- 2017 ж. 1 – 30 маусым аралығында Асыл металдар зертханасының ғылыми қызметкерлері Ш.Ч. Алтынбек және Б.Н. Суримбаев Вустердегі политехникалық институтында (Вустер қ, АҚШ) ғылыми – зерттеу сынақ мерзімінен өтті. 

 ____________________________________________________________________________

- 2016 ж. 11 - 21 наурызы аралығында Минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік  сынақтар бөлімінің сектор меңгерушісі М.А.Жолдыбаева Москвадағы құрыш және қоспалар институтында (Москва қ., Ресей) ғылыми зерттеу сынақ мерзімінен өтті.  

 ____________________________________________________________________________

- Технологиялық бөлімнің инженері  А.А. Жакитова  2015 ж. 4 - 19 тамызына дейін Менеджмент және инновациялық технологиялар Академиясында  шетелдік сынау мерзімінен өтті (Прага қ., Чехия Республикасы).

 ____________________________________________________________________________

- Филиалдың жас мамандары – Қоршаған ортаға әсерін бағалау және  қалдықтарды дұрыс пайдалану  нормативтері зертханасы меңгерушісінің м.а. А.Б. Тахамбетова және Қоршаған ортаға әсерін бағалау және  қалдықтарды дұрыс пайдалану  нормативтері зертханасының  бас маманы Ж.С. Жиембаев  Лейпциг университетінде 2015 ж. 16 – нан  30 наурызға дейін шетелдік сынақ мерзімін  өтті. (Лейпциг қ., Германия).  

 ____________________________________________________________________________

- Филиалдың жас мамандары – Асыл  металдар зерханасының  ғылыми қызметкерлері  Сүрімбаев Б.Н., Мәмбетжанова А.М. және  минералдық шикізатты байыту және  жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің кіші ғылыми қызметкері  А.Нұрболатұлы ғылыми-зерттеулік сынақ мерзімін  Колорадоның Тау-кен мектебінде 2014 ж. 15-нен 24 қыркүйегіне дейін өтті. (Голден қ., АҚШ).Сынақ мерзімдерінің қорытындысы бойынша жас мамандар ЖҒК жоспарлы ғылыми семинарларында баяндамалар ұсынды.  

 ____________________________________________________________________________