banner glavkz

Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы

Li2021

  Ли Эра Менчуковна 

Эра Менчуковна Ли 1946 жылы 05 қаңтарда Талдықорған (қазір Алматы) облысы Қаратал ауданы Ленинский путь ауылында дүниеге келді.
1970 жылы Солтүстік–Кавказ тау-кен металлургиялық институтын «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша табысты аяқтағаннан кейін, Эра Менчуковна «Қазмеханобр» түрлі-түсті металдар кендерін байыту бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау институтына жұмысқа жіберілді және қазірге дейін осы кәсіпорында еңбек етуде.
50 жылғы еңбек жолында Э.М. Ли қатардағы инженерден «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы «Қазмеханобр» Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің (Қазмеханобр) ең басым құрылымдық бөлімшесі - минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің бастығы қызметіне дейін жоғарлады.
Э.М. Лидің минералдық шикізаттың сан алуан түрлерін қайта өңдеу технологиясын енгізу және оны жетілдіріп әзірлеу бойынша көп жылдық мол тәжірибесі бар: полиметалдық, барит-полиметалдық, қорғасын-мырыш, алтынды, алтын-мыс, мыс-мырыш, барит, марганец, хром, мыс-молибденді, титанды-цирконий және басқа да кендермен техногендік пайдалымдар.
Соңғы жылдары оның тікелей қатысуымен және басшылығымен өткізілген ғылыми-технологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша Құндызды, Қажықонған, Ақжар Сарытұма, Шоқпар, Гагаринское кеніштерінің кендерін қайта өңдеу инновациялық  технологиялары және Қазақстан Республикасының көптеген байыту фабрикаларын жобалауға технологиялық регламенттер әзірленді.
Ол тау-кен металлургиялық кешенінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің III дәрежелі «Еңбек даңқы» (2017 ж.) төсбелгісімен марапатталды және құрамында асыл металдар бар мысты кендерді кешенді қайта өңдеу проблемаларын шешудің инновациялық жолдарын әзірлегені үшін академик Е.А.Букетов атындағы сыйлықтың иегері атанды (2018 ж.).
Э.М.Ли ұйымдастырушылық қабілеті, еңбекқорлығы және жүктелген міндетіне аса жауапкершілікпен қарағанымен ерекшелі.
Эра Менчуковна көп жылдар бойы ұжымдағы атқарған еңбегін, күш жігерін Қазмеханобрдың минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің дамуына, сонымен қатар жас мамандарға мол тәжірибесін беріп олардың әрі қарай өсуіне ықпал етуде. Әрдайым өз еңбегінің қорытындыларын ашық басылымда жариялап республикалық және халықаралық  конференцияларда  баяндамалар жасауда.
2019 жылдың қыркүйек айының 11-де Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының Бас директоры академик Ә.А. Жәрменовтың рұқсатымен Э.М. Ли Қазмеханобрдың Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

_________________________________________________________________________