banner glavkz

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ  филиалында    өнімділігі 50-60 кг/сағ кез келген кендерді байытуға жартылай өндірістік сынақтар жүргізу бойынша әрекет ететін  фабрикасы бар.

Фабрика жартылай өндірістік сынақтар жүргізуге арналған қондырғыларымен жабдықталған және ұсақтау және флотациялауға арналған   екі жайынан тұрады.

                    f1     f2

                    f3     f4

Ұсақтау жайы  кендерді, құрылыс және басқа материалдарын ұсақтауға, ұнтақтауға және топтастыруға мүмкіндік береді. Зерттеуге және сынақтар жүргізуге келіп түскен кендердің бастапқы ірілігі 400-300 мм дейін жетеді.

Флотация жайы гравитациондық және  флотациондық құрылғыларымен жабдықталған, оның ішінде бұрандалы айырғыш, тұндыру машиналары,  концентрациондық үстелдер, Кнельсон аппараты, әр түрлі мөлшердегі флотомашиналар, өзекті диірмендер және т.б. орнатылған.

                    f5     f6

                    f7

Алтын – және мыс құрамды кендерді зерттеу үшін цехта биіктігі4000 мм, диаметрі420 мм төрт бағанадан тұратын кеннен асыл металдарды үйілмелі сілтілеп айыру үдерісіне ұқсайтын жартылай өндірістік құрылғысы орнатылған. Әр бағанасы сорбциондық сыйымдылығы мен күбі аппаратурасымен  жабдықталған. Бұдан басқа үйіндіні қалыптастыруға өңтайлы шарттарды анықтау мақсатында үйілмелі сілітілеп айыруға тест жүргізу, гидродинамикалық сипаттамасын зерделеу үшін  бір қатар шағын бағаналары орнатылған.

                     f8

Әрқайсының мөлшері  1,5 м үгітетін  күбі орнатылған, бұл цианидтеу әдісімен асыл металдарды сілтілеп айыру бойынша сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.

Фабриканың ерекшелігі оның жинақтылығы, сенімділігі және тұрақтылығы аталған технологиялық көрсеткіштерге сәйкес келеді. 

«Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ   фабрикасының базасында келесі жартылай өнеркәсіптік сынақтар жүргізілді: 

  • Тәртіптемесін әзірлеуімен «Көктасжал»  кен орнының  қышқылдандырылған мыс құрамды шикізатты  қайта өңдеудің  флотациондық –гравитациондық  технологиясына сынақтар жүргізу;

  • Ақбакай және Кенжем кен орнының флотациондық қойыртпаны пысықтау бойынша сынақтар жүргізу;

  • Юбилейное кен орнының екі технологиялық сызбасы бойынша алтын құрамды кеннің сынамасын байыту бойынша сынақтар жүргізу: кенді флотациялау – флотоқорытпаны цианидтеу және бастапқы кенді цианидтеу;

  • Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Пустынное кен орны, Жартас кен орнының төрт сынамасы, Бескауға кен орны оңтүстік аумағы, Увальное кен орны, Жалтырбұлак кен орны сынамаларынан алтынды үйілмелі сілтілеп айыру бойынша сынақтар жүргізу;

  • Ай кен орны қышқылдандырылған кендерден және Қарсакпай мыс балқыту зауытының техногендік минералды құрамдастардан (ТМҚ) мысты үйілмелі сілтілеп айыру бойынша сынақтар жүргізу;

  • «Восход Хром» байыту фабрикасының сулы қалдықтарына сынақтар жүргізу;

  • Жетімшоқы кен орны сульфидті және қышқылдандырылған мысты кендерде флотациондық сызбасына сынақтар жүргізу;

  • Васильевское кеніші кендерінен алтынды үйінділі сілтіден айыру сынақтары;

  • Бақыршық кенішінің алғашқы сульфидті кендерінен алынған   жоғары көміртекті алтынды концентраты бойынша  атқарылған жұмыс көлемінің сынақтары;

  • Қажықонған кенішінің сульфидті және тотықтырылған кендерінде жасалған флотациялық сұлбаның сынақтары;

  • Шалқия кенішінің  полиметалды кендерінен алынған  қорғасын-мырыш концентратыбойынша  атқарылған  жұмыс көлемінің сынақтары.

Барлық сұрақтар бойынша келесімекенжайы бойынша хабарласуыңызға болады:

Қазақстан Республикасы, 050036,

Алматы қ, Жандосов к-сі, 67/Б

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ  филиалы