banner glavkz

Асыл металдар зертханасы

                                         
     
ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
Болотова Людмила Сергеевна, х.ғ.к.
тел.: +7 (727) 309-25-27
E-mail: l_bolotova@yahoo.com
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0828-9817

 

Болотова Людмила Сергеевна – асыл металдар зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, «Елдің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан және әлемдік технологиялар нарығында Қазақстанның беделін көтерген қорғасын және алтын металлургиясы саласындағы әзірлемелерді өнеркәсіптік іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015 ж), «Құрамында асыл металдары бар Қазақстан Республикасы кен орындарының мыс кендерін кешенді қайта өңдеу проблемаларын шешудің инновациялық жолдары» атты орындалған жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар Академиясының академигі Е.А. Бөкетов атындағы сыйлықтың лауреаты (2018 ж), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің III дәрежелі «Еңбек Данғы» (2017 ж.) және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің II дәрежелі «Еңбек Даңқы» (2019 ж.)төсбелгілерімен марапатталған, тиімділігіжоғары жаңа ион алмасу технологиясын әзірлегені үшін Қытайдағы шетелдік мамандарға арналған «Достық» медалінің иегері (1995 ж).

 

Асыл металдар зертханасы (АМЗ) Қазақстанның өнеркәсіптік өндірістерінің технологиялық деңгейін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық технологияларды құру, игеру және енгізу арқылы жоғары технологиялық өнім шығару жөніндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және ұйымдастыру мақсатында алтынқұрамынды минералдық және техногендік шикізатты қайта өңдеу технологиясын әзірлеу саласындағы проблемаларды жүйелі шешуді жүзеге асырады.

 

АМЗ келесі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауға мамандандырылған:
- асыл металл кендерін кешенді қайта өңдеу;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу, әр түрлі кен орындарының кендерін және техногендік шикізатты өңдеуге арналған технологиялар мен жабдықтарды әзірлеу, жетілдіру және енгізу;
- әр түрлі отандық және шетелдік компаниялар әзірлеген ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық құжаттама бойынша сараптамалық материалдарды дайындау;
- алтынқұрамынды кендердің барлық түрлерін және тотыққан мыс кендерін байыту үшін жартылай өнеркәсіптік сынау, ҚМК қорларын бекіту және есептеу үшін материалдар дайындау;
- өнеркәсіптік өндіріске әзірленген инновациялық технологияларды енгізу.

 

 ____________________________________________________________________________ 

 

(үлкейту үшін  фотосуретке басыңыз )

            (фотосуретті жабу үшін -  Esc кл.басыңыз)

 

                            
                                        
       

____________________________________________________________________________