banner glavkz

Біздің технологиялар

Қазақстанда, жақын және алыс шет елдерінде Казмеханобрдің жобалары мен ғылыми әзірленімдері бойынша салынған тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қызмет істеуде, сонымен қатар ғылыми-техникалық деңгейдегі кейбір әзірленімдердің әлемде аналогы жоқ.
Казмеханобр минералдық шикізатты қайта өңдеу мәселесіне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды, атап айтқанда: алтынқұрамды және мыс, құрамында асыл металдары бар, полиметалды қорғасын-мыс, хром, марганец, барит т.б кендерді қайта өңдеу.

Жасалынған жұмыстар арасында ғылыми-техникалық және инновациялық мәні бойынша өңдіріске енгізілген келесі әзірленген технологияларды атап өтуге болады:
v  кедей алтынқұрамды және техногендік шикізаттан үйінді шаймалау әдісімен алтынды алу технологиясы. Ион алмастырғыш шайырлар мен белсендірілген көмірлерді қолдана отырып ерітінділерден алтын алу технологиясы (Жанан, Мұқыр, Суздаль, Миялы, Мизек, Балажал, Комаровский, Бестөбе, Ұзбой);
v  бір аппаратта жүзеге асырылатын аса тиімді ион алмастырғыш шайырларын регенерациялау және алтынды десорбциялау технологиясы («Алтын-Төбе» АШК ЖАҚ МРК, Доре зауыты «Андас-Алтын» ЖШС МРК, «Семгео» АҚ Балажал кеніші, Васильковский ТКБК, Аси зауыты (Қытай), Доре зауыты ЖШС СП Сага Крик Голд Компани», Жалтырбұлақ кеніші);
v  қымбат платина анодтарының орнына арзан анодтарды қолданумен тиомочевина қышқыл ерітіндісінде алтынның электролизі (Аси зауыты (Қытай), «Алтын-Төбе» АШК ЖАҚ МРК, Доре зауыты «Андас-Алтын» ЖШС МРК, «Семгео» АҚ, Васильковский ТКБК, Доре зауыты ЖШС СП Сага Крик Голд Компани», Жалтырбұлақ кеніші, Макмал АШФ (Қырғызстан);
v  Кентөбе кенішінде темір кендерін қайта өңдеу технологиясы («Өркен» ЖШС, «Испат-Кармет» АҚ);
v  Рубцовское кенішінде мыс-қорғасын-мырыш-алтынқұрамды колчедан кендерін қайта өңдеу технологиясы («Ресей кен компаниясы» АҚ, Ресей);
v  Шевченко кенішінде тотықтырылған никель-кобальт кендерін қайта өңдеу технологиясы пирометаллургиялық әдіспен ферроникельді және гидрометаллургиялық әдіспен никельді алу әдістемелері;
v  Дрожиловский, Смирновский кеніштері және Шорский кен басқармасындағы мыс-молибден кендерін қайта өңдеу технологиясы;
v  Қазақстанда бірінші және әлемдегі екінші рет салынып өнеркәсіпке пайдалануға берілген «Суздальский» учаскесіндегі көміртекті-мышьякты сульфидті кендерінің ағымдағы қатты қалдықтарынан алтынды алу бойынша ыстық цианирлеу өндірістік цехы. Негізіне HiTeCC инновациялық технологиясы алынған;
v  Южный және Северный Райгородок кеніштерінің әр түрлі учаскелерінде жүргізілген кендерді зерттеу жұмыстары негізінде Тапсырыс беруші алтын өндіретін фабриканың жобасын және құрылысын жасау үшін әзірленген технологияның техникалық-экономикалық бағалауын өткізді;
v  әзірленген технологиялық регламент және зерттеулер қорытындысы бойынша Қарағанды облысындағы Жалтырбұлақ кенішінде өнімділігі жылына 500 мың тоннаға дейін кен өндіретін үйінді шаймалау учаскесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді;
v  әзірленген технологиялық регламент негізінде инновациялық технология бойынша Жалтырбұлақ кенішінде үйінді шаймалау учаскесінде алтынқұрамды шайырды қайта өңдеу технологиясы бойынша цех пайдалануға берілді;
v  Шығыс-Қазақстан облысында Васильевское кенішінде әзірленген технология бойынша ион алмастырғыш шайырын пайдаланумен өнімділігі жылына 500 мың тоннаға дейін кен өндіретін үйінді шаймалау учаскесі салынды;
v  алтынды сорбциялау және шаймалау үрдісіне кері ықпалын төмендету мақсатында цианидті алтынқұрамды ерітінділерден мысты алу бойынша инновациялық технология. Қазіргі кезде бұл технология аса сұраныста және алтын-мысты кендерді өңдеу үшін мақсатында сынақтан өтуде;
v  Суздаль зауытында қайта өңделетін шикізат қорын толықтыруға мүмкіндік беретін Шығыс-Қазақстан облысындағы Жерек кенішінің қиын байытылатын көміртекті-мышьякты сульфидті кендерін флотациялық байыту технологиялық сұлбасы;
v  Шығыс-Қазақстан облысында Васильевское кенішінің қиын байытылатын көміртекті-мышьякты сульфидті кендерін флотациялық байыту технологиялық сұлбасы;
v  кеніштің жаңа учаскелерінде кендерді өңдеу үшін флотациялық байыту операциялары енгізілінді және фабриканың өнімділігі 2,5 млн. тоннаға дейін артуына байланысты Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Пустынное кенішінде кендерді қайта өңдеу бойынша алтын өндіретін фабрикасын жобалауға технологиялық регламенттің түзетуі орындалды. «АК Алтыналмас» АҚ жаңа технологиялық процестерді сәтті іске қосты;
v  CIP технологиясы бойынша өнімділігі жылына 2,5 млн. тоннаға дейін кен өндіретін Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Долинное кенішінің кендерін қайта өңдеу технологиялық регламенті әзірленді. «АК Алтыналмас» АҚ «Долинное» алтын шығаратын фабрикасын пайдалануға берді, алғашқы алтын құймасы шығарылды;
v  полиметалды кендердің флотациясы барысында десорбент ретінде және алтынқұрамды кендерді үйінді шаймалау үшін қазақстандық сорбент ретінде шұбаркөлдің белсендірілген көмірін пайдалану мүмкіндіктері бойынша зерттеулер өткізілді;
v  жоғары деңгейде өткізілген зерттеулердің арқасында Қарағанды облысындағы Ақтас 2 және Ақтас-1 кеніштерінде 15 тонна алтын қоры және Шығыс-Қазақстан облысындағы Васильевское кенішінде кенді ашық өндіру жағдайы үшін 3,5 тонна көлемінде тотықтырылған кен қорлары бекітілді. Васильевское кенішіндегі бекітілген қорларында жылына 500 мың тоннаға дейін кен өндіретін үйінді шаймалау учаскесі пайдалануға берілді;
v  технологиялық регламент әзірлеумен қайта өңдеу құрамдастырылған флотациялық-гидрометаллургиялық сұлба бойынша Хаджиконган кенішінде құрамы күрделі тотықтырылған мыс кендерін қайта өңдеу инновациялық технологиясының жартылай өнеркәсіптік сынақтары өткізілді;
v  орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша «Тау-кен экономикалық консалтинг» ЖШС ҚР МЗК бекітіп Мемлекеттік балансқа 100 мың тонна мыс кендерінің қоры қойылды;
v  Казмеханобрдің тәжірибелік байыту фабрикасында жартылай өнеркәсіптік жағдайында Шалқия кенішінің қиын байытылатын полиметалды кендерінен алдағы металлургиялық зерттеулер үшін флотациялық ұжымдық концентрат алынды;
v  қорғасын-мырыш кендерінде тәжірибелік байыту фабрикасының Ақжал кенішінде күріш кебегі пиролизы негізінде алынған жаңа әмбебап реагентінің жартылай өнеркәсіптік сынақтары өткізілді;
v  зерттеулер жиынтығы орындалып және минус 40+10 мм класты марганецқұрамды өнеркәсіптік өнімді қайта өңдеу гравитациялық технологиясына технологиялық регламент берілді;
v  өткізілген байыту зерттеулерінің қорытындысы бойынша Ақжар Сарытумское кенішінің марганец кендерін қайта өңдеуге экологиялық таза гравитациялық технологиясы әзірленді. ҚР МЗК бекітіліп және Мемлекеттік балансқа 12 млн. тонна көлемінде марганец кендерінің қоры қойылды;
v  өткізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша ҚР МЗК бекітіліп және Мемлекеттік балансқа Атығай кенішінің алтынқұрамды кендерінің қоры, Шоқпар және Гагаринское кеніштерінің алтын-полиметалды кендерінің қоры қойылды;
v  Казмеханобрдің тәжірибелік байыту фабрикасында алғашқы рет Дүбірсай және Дон ТКБК («Ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығы ERG» ЖШС) ескі қалдықтарына пилоттық сынақтар және флюорит-фенакит-бертрандит кендерінен берилл концентратын алу бойынша жартылай өнеркәсіптік сынақтары өткізілді («Ульбинский металлургический завод» АҚ).

Әртүрлі кәсіпорындардың объектілері бойынша жұмыс жобалары мен техникалық қолдаулары әзірленді:

v  «МДМ», «DRА International» (ОАР);
v  «Кожема» (Франция);
v  «Золото Китая» корпорациясы (Қытай);
v  Имабе-Иберика (Испания);
v  «Desmet Ballestra s.p.a.» (Италия);
v  «Баран Инжиниринг» (Израиль);
v  «Алтын-ТЕТ» ЖШС, «Oriel Recourses (Ұлыбритания);
v  «Метчел», «Союз» (Ресей);
v  «Гео Резерв» ТК ЖАҚ, «Қырғызалтын» АҚ (Қырғызстан);
v  «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «ФИК Алел» АҚ, «СКЗ-U» ЖШС, «Комаровское горное предприятие» ЖШС, «Казмарганец» КБ «ҰАК «Казхром» АҚ Филиалы, «Варваринское» АҚ, «Восход Хром» ЖШС, «Атығай Голд Майнинг» ЖШС (Қазақстан Республикасы).