banner glavkz

 

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру

ИРН AP19677446 «Кендер мен гравитациялық концентраттардан алтынды шаймалаудың инновациялық қарқынды технологиясын әзірлеу»

Жоба жетекшісі: Сүрімбаев Б.Н.

Жобаның өзектілігі: Қазіргі уақытта айырбасталатын әлемдік валюталардың тұрақсыздығына байланысты бағалы қағаздар бағасының төмендеуі және әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан алтын көптеген елдердің негізгі банктік металы және валюта резерві болып отыр. Осыған байланысты алтын өндіруді тек асыл металдың жаңа кен орындарын өңдеуге тарту арқылы ғана емес, сонымен қатар оны шоғырландыру мен алудың қолданыстағы технологияларын жетілдіру арқылы арттыру маңызды болып отыр.

Алтын өндіретін кәсіпорындардың құрамында алтыны аз ескі үйінділердегі шикізатты өңдеу үшін үйінді шаймалау әдісі қолданылады. Үйінді шаймалау технологиясы көптеген артықшылықтармен сипатталады, ең маңыздысы – пайдаланудың минималдылығы және күрделі салыным шығындарын қажет етпейді. Әдісті қолдану кезінде, алтынды алар алдында энергияны көп қажет ететін процесс кендерді ұсақтаудың қажеті жоқтығы. Сондай-ақ цианидтерді қолданудың уыттылығы және пайда болған ағындарды залалсыздандыру қажеттілігі оның негізгі кемшіліктері болып табылады. Дегенмен де, көптеген алтын өндіретін фабрикалар осы әдісті қолданып жұмыс істейді.

Алтынқұрамынды гравитациялық концентраттарды өңдеудің тиімді әдістерінің бірі – қолайлы технологиялық уақыт ішінде алтынды көп алуға мүмкіндік беретін қарқынды шаймалау процесі. Алтынды шаймалау процесін күшейту үшін натрий цианидінің жоғары концентрациясынан басқа әртүрлі химиялық қоспалар қолданылады. Гравитациялық концентраттарды цианидпен қарқынды шаймалаудың белгілі технологиясы, алтынның бір бөлігін тазалығы жоғары Доре қорытпасын ала отырып, тауарлық өнімге шығаруға мүмкіндік береді, бұл шаймалауда қымбат реагенттерді және жоғары температураны (80°С) пайдалануды талап етеді.

Алтынқұрамды шикізаттан алтынды шаймалау процесінің қарқындылығын арттыратын, шаймалау операциясының ұзақтығын едәуір төмендететін және бағалы металды өнімді ерітінділерге алу дәрежесін арттыратын тиімді реагентті іздеу алтын өндірудің өзекті және маңызды технологиялық міндеті болып табылады.

Жобаның идеясы алтынқұрамды кендер мен гравитациялық концентраттарды қарқынды шаймалау кезінде натрий цианидінің концентрациясын төмендетуге және шаймалау процесін күшейтуге мүмкіндік беретін арзан химиялық реагентті қолдану болып табылады.

Жобаның мақсаты – алтынқұрамды кендер мен гравитациялық концентраттар үшін қолданыстағы технологияларды күшейтетін тиімді инновациялық технологияны әзірлеу, реагент шығындарын азайту, алтын өндіруді арттыру және цианид концентрациясының төмендеуіне байланысты экологиялық әсерді азайту.

 

Күтілетін нәтижелер:

– 2023 жылы: кендерді зерттеуге дайындау жүргізіледі; алтынқұрамды кендердің заттық құрамы мен технологиялық қасиеттері зерттеледі; алтынқұрамды минералдарымен химиялық реагенттің термодинамикалық талдауы бойынша есептеулер жүргізіледі; кендерді шаймалау және кенді шаймалау үшін қарқынды реагентті іріктеу бойынша зерттеулер жүргізіледі; кендерді гравитациялық байыту бойынша зерттеулер жүргізіледі; алынған гравитациялық концентраттардың заттық құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері зерделенеді;

– 2024 жылы: қарқынды реагентті пайдалана отырып алтынды үйінді шаймалау бойынша зерттеулер жүргізіледі; концентраттарды циандау бойынша зерттеулер жүргізіледі; гравитациялық концентраттарды шаймалаудың оңтайлы шарттары таңдалады;

– 2025 жылы: өнеркәсіптік қондырғыны имитациялайтын барабан үлгісіндегі аппаратта қарқынды шаймалау бойынша зерттеулер жүргізіледі; өнеркәсіптік қондырғыны имитациялайтын конусты үлгісіндегі аппаратта қарқынды шаймалау бойынша зерттеулер жүргізіледі; ірілендірілген-зертханалық масштабта сынақтар жүргізіледі.

Зерттеу тобы:

 

1. Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы, PhD – топ жетекшісі

Scopus ID: 57195377392
Researcher ID (Web of Science): E-1007-2019
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-3988-8444

 

2. Болотова Людмила Сергеевна, х.ғ.к.

Scopus ID: 6507355510
Researcher ID (Web of Science): AAM-2795-2021
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-0828-9817

 

3. Есенғараев Ерлан Қайратұлы, PhD

Scopus ID: 57203436586
Researcher ID (Web of Science): AAC-7759-2020
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-8487-7464

 

4. Қаналы Ерназар Серікұлы, докторант

Scopus ID: 57553594700
Researcher ID (Web of Science): AAK-2668-2021
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-8168-2626

 

5. Ақжаркенов Мұхитдин Доқтырбекұлы

Scopus ID: 59249697200

Researcher ID (Web of Science):  LDQ-7503-2024
ORCID: https://orcid.org/0009-0005-1184-7412

 

6. Хумарбекұлы Ерасыл, докторант

Scopus ID: 59249396700
Researcher ID (Web of Science): JJF-8369-2023
ORCID: https://orcid.org/0000-0001-5225-0317

Жарияланған жұмыстардың тізімі:

 

  1. Surimbayev, B., Yessengarayev, Y., Khumarbekuly, Y., Bolotova, L., Kanaly, Y., Akzharkenov, M., Zhumabai, S. Effect of sodium acetate additive on gold leaching with cyanide solution: Laboratory and semi-pilot leaching tests. Heliyon. 2024. Volume 10. Issue 15. e35805.  https://doi.org/10.1016/j.heliyon.2024.e35805

https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S2405844024118361?via%3Dihub

 

  1. Surimbayev, B., Bolotova, L., Akcil, A., Yessengarayev, Y., Khumarbekuly, Y., Kanaly, Y., Akzharkenov, M. Gravity Concentration of Gold-Bearing Ores and Processing of Concentrates: A Review. Mineral Processing and Extractive Metallurgy Review. 2024. 1–25.   https://doi.org/10.1080/08827508.2024.2395824

https://www.tandfonline.com/doi/full/10.1080/08827508.2024.2395824