banner glavkz

1958 ж.«Механобр» бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және пайдалы қазындыларды механикалық қайта өңдеу жобалау институтының Филиалы.

1966 ж.«Казмеханобр» мемлекеттік ғылыми-зерттеу және түсті металдар кендерін байыту жобалау институты.

1992 ж. – Институт экология бойынша бас ұйым ретінде ҚР табиғи ресурстары және экология министрлігінің ведомствосына ауыстырылды.

1998 ж. – Бірлестік ҚР ғылым академиясы – ғылым министрлігінің ведомствосына ауыстырылды.

1999 ж. – ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК құрамына кірді.

2000 ж. – «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК мемлекеттік еншілес кәсіпорыны.

2012 ж. – «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ  филиалы.

Кәсіпорынды ұйымдастыру 1958 жылдың 30 қарашасынан басталды, Алма-Ата қаласында КСРО Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік жоспарлау Комитетінің №585 бұйрығына сәйкес «Казмеханобр» бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және пайдалы қазындыларды механикалық қайта өңдеу жобалау институтының Филиалы ретінде құрылды.

Қазақ ССР Тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің дамуына және қара, түсті, сирек кездесетін металдардың кендерін байыту облысында ғылыми-зерттеу, жобалау және құрастырымдық жұмыстарын үлкен көлемде өткізу қажеттілігіне байланысты 1966 жылдың 16 қырқұйегінде КСРО түсті металлургия Министрлігінің №565 бұйрығымен «Механобр» институтының Қазақ филиалы Мемлекеттік ғылыми-зерттеу және түсті металдар кендерін байыту жобалау институты - «Казмеханобр» болып қайта құрылып оған келесі міндеттер жүктелді: 

  • Қазақстан және Орта Азия кен көздерінің түсті металдар кендерін байыту облысында зерттеулер жүргізу;
  • Түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіптік сарқынды суларын тазарту құралдары мен әдістерін әзірлеу;
  • Байыту фабрикаларының тізбекті шаруашылықтары және тазарту құрылыстары жұмыстарының тиімділігін жоғарылату әдістерін әзірлеу;
  • Түсті металлургия байыту фабрикаларының байыту үдерістерін автоматтандыру және кешенді механизациялау жүйелерін, әдістері мен құралдарын әзірлеу;
  • Қазақстан және Орта Азияда түсті металдар кендерін байыту облысында техникалық-экономикалық зерттеулер өткізу;
  • Қазақстан және Орта Азияда байыту фабрикаларын жобалау;
  • Түсті металлургия  кәсіпорындарында тізбекті шаруашылықтар мен сарқынды суларды тазарту құрылыстарын жобалау.

Кәсіпорынның әр түрлі салада айналымды сумен жабдықтау, сарқынды сулармен ауыз суды тазалау, табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, құрамында алтын бар және полиметалл кендерінің аса тиімді байыту технологияларын жобалап әзірлеуде көп жылдық тәжірибесі бар. «Казмеханобр» Ресей, Қырғызстан, Өзбекістан, Қытай, Монғолия, Италия, Финляндия, Австралия, АҚШ сияқты алыстағы және жақындағы шетел тапсырыс берушілері, серіктестерімен тығыз іскерлік байланыста. Бүгінгі күнде «Казмеханобр» – құрамында ғылыми және жобалау бөлімдері, жабдықтар мен құралдарды құрастыратын арнайы конструкторлық бюросы, қазіргі заманға сай жабдықталған тәжірибелік зауыты, жоғары кәсіптік кадрлары бар аса ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорын. Бұл қысқа мерзімде әлемдік стандарттарға сай жобалар мен әзірленімдер жасауға мүмкіндік береді.

«Казмеханобрдің» қалыптасуы мен дамуына оған әр кезде басшылық еткен адамдардың үлесі зор. Әр жылдарда «Казмеханобрдің» директорлары болғандар:

  • Ревазашвили Борис Иванович, т.ғ.д. – 1958-1967 жж.
  • Шелестов Михаил Сергеевич, т.ғ.к.   – 1967-1969 жж.
  • Свядощ Юрий Николаевич, т.ғ.к.      – 1969-1985 жж.
  • Попов Геннадий Семенович, т.ғ.к.     – 1985-1992 жж.
  • Клец Александр Николаевич, т.ғ.д. академик МАМР – 1992-2013 жж.       
        

  

       2013 жылдың ақпан айынан Бірлестікті  х.ғ.к., доцент Шалғымбаев Серікбол Тілеулесұлы басқарады.