banner glavkz

Ғалым хатшы

Surimbayev

  Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы

ORCID:https://orcid.org/0000-0002-3988-8444 

Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы, 1988 жылы туған, қазақ, білімі жоғары – 2010 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Металлургия» мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді, ал 2015 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) 6М070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2015 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша докторантураға түсті және оны 2018 жылы «Сульфидті кеннен реагент-активаторын қолдану арқылы алтынды қарқынды цианирлеу үрдісінің технологиясын әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2019 жылғы 6 наурыздағы шешімімен Б. Сүрімбаевқа 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Еңбек жолын 2010 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы «Қазмеханобр» Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің (Қазмеханобр) асыл металдар зертханасының 1 санатты инженері лауазымынан бастады. Қазіргі уақытта осы зертханада аға ғылыми қызметкер лауазымында жұмысын жалғастыруда. Асыл металдар зертханасында жұмыс істеген кезеңде Б.Н.Сүрімбаев соңғы бес жыл ішінде 40-тан астам ғылыми-зерттеу жұмыстарына және жартылай өнеркәсіптік сынақтарға қатысқан.
Сүрімбаев Бауыржан Нұржанұлы халықаралық рецензияланатын Scopus және Web of Science ғылыми журналдарында, ҚР Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарында және халықаралық конференциялар жинақтарында 40-тан астам мақала жариялады.
2013 жылдан бастап қоғамдық негізде Қазмеханобрда Жас ғалымдар кеңесін басқарады. 2013-2021 жылдар аралығында Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы ретінде Б. Сүрімбаев тоқсан сайын жас мамандардың отырыстарын өткізді, сондай-ақ түрлі іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер жиналысы, мерекелік және салтанатты іс-шаралар) ұйымдастыруға белсенді қатысты.
2021 жылдың 1 мамырынан бастап Б.Н. Сүрімбаев Қазмеханобрдың ғалым хатшысы лауазымына тағайындалды.

_________________________________________________________________________