banner glavkz

Жобалардың бас инженері жоғары  білікті мамандар арасынан тағайындалады.

Жобалардың бас инженері жобаны әзірлеу, жобалаудың барлық кезеңдерінің жобалау жұмыстарының техникалық және шығармашылық жетекшісі, жобалау-сметалық құжаттаманы шығару, объекті құрылысына авторлық қадағалау және пайдалануға енгізудің ұйымдастырушысы болып табылады.

 Филиал қалалар, кенттер және ауылдық елді мекендерді, сонымен қатар кәсіпорындар, ғимаратттар мен құрылғыларды жоспарлау және құрудың барлық кешені бойынша жобалардың бас инженерін тағайындайды.

Жобалардың бас инженерінің негізгі міндеттері:

  • жобаланатын объектілердің жоғары техникалық - экономикалық деңгейін және жобалау-сметалық құжаттама сапасын қамтамасыз ету;
  • құрылыс жүргізгенде және пайдаланғанда еңбек өнімділігін арттыру және материалдық ресурстары шығынын азайту;
  • құрылыс-құрастыру жұмыстары мен объектілердің құнын азайту;
  • қала құрылысы және сәулеттік-жоспарлау шешімдерінің сапасын жақсарту.