banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

03.12.2015 ж.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

   

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, қаулы етемін:


1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығы:


3) «Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіп­орнының бас директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменовке;


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты – Людмила Сергеевна Болотоваға;


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіп­орны филиалының зертхана меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор – Сағынтай Исабаевқа;


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент – Қанат Күзгібековаға;


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының мине­ралды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны фи­лиалының директоры – Игорь Владимирович Старцевқа;


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіп­ор­ны филиалының бас ғылыми қызметкері, техника ғылым­дарының кандидаты, Халықаралық минералдық рес­урс­тар академиясының академигі – Николай Николаевич Ушаковқа;


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаевқа;


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты – Виктор Александрович Шумскийге.

 

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 3 желтоқсан.  №125

 

Егемен Қазақстан газетінде (№234 (28712) 2015 5 желтоқсан) жарияланған.

egemenkzlogo  


 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу