banner glavkz

2023 жылы жарияланған ғылыми жұмыстардың тізімі

 

Халықаралық рецензияланатын WoS және Scopus ғылыми журналдарындағы мақалалар тізімі

 

24.07.2023 ж

 

«Алтынқұрамды қиын байытылатын сульфидті концентраттарды өңдеу технологиясы: Шолу» мақаласын жариялау туралы

 

Құрметті достар!

Біздің «Processing of Refractory Gold-Bearing Sulfide Concentrates: A Review» («Алтынқұрамды қиын байытылатын сульфидті концентраттарды өңдеу технологиясы: Шолу») шолу мақаламыз халықаралық рецензияланған «Mineral Processing and Extractive Metallurgy Review» (2022 жылы IF=5; Q=1 WoS; Taylor & Francis баспасы) журналында жарияланған. https://www.tandfonline.com/doi/full/10.1080/08827508.2023.2230344

 

Бұл шолуда экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, алтын өндіру өнеркәсібінің дамуына үлкен әсер еткен алтынқұрамды қиын байытылатын сульфидті концентраттарды өңдеу жөніндегі негізгі инновациялық әзірлемелер бойынша ағымдағы сәтте жалпыланған және жаңартылған деректер қарастырылады.Сульфидті минералдардың тотығуы үшін қиын байытылатын концентраттарды алдын-ала гидрометалургиялық өңдеуге және одан әрі шаймалау үшін алтынды ашуға, атап айтқанда сульфидтерді бактериялармен тотықтыруға, автоклавты тотығуға, жұқа дисперсті алтынды ашу үшін ультражұқа ұнтақтауға және Albion процесіне назар аударылады.Алтынқұрамды сульфидті концентраттарды тотықтырудың гидрометаллургиялық технологиялары қолданылатын негізінен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тізбесі мен олардың негізгі сипаттамалары келтірілген.Тауарлық өнім – Доре қорытпасын ала отырып, берік концентраттарды өңдеудің негізгі бағыттары схемалық түрде көрсетілген. Гидрометаллургиялық технологиялардың әрқайсысының негізгі технологиялық артықшылықтары мен кемшіліктері атап өтілді. Капиталдық және іске қосу шығындарын салыстыру бойынша жұмыстарға шолу жасалған.

 

Шолу мақаласын дайындау және жариялау 2 жылға созылды, оның ішінде:

- материалды журналға жіберуге дайындау – 1 жылдан астам (500-ден астам мақалалар, шолулар, кітаптар, конференция материалдары оқылды) уақытты алды;

- мақаланы рецензиялау төрт кезеңнен өтті (1 кезең – 3 рецензент, 2 кезең – 6 рецензент, 3 кезең – 6 рецензент, 4 кезең – 2 рецензент) және басылымға берілгеннен бастап басылып шыққанға дейін 11 ай кетті. Мұның бәрі бізге үлкен тәжірибе берді.

 

Айта кететін нәсе, бұл мақала тегін жарияланды (дәстүрлі әдіс), авторлар ешқандай ақы төлемеді.

Мақаланың шығу мәліметтері: Bauyrzhan Surimbayev, Ata Akcil, Lyudmila Bolotova, Serikbol Shalgymbayev & Aliya Baikonurova (2023) Processing of Refractory Gold-Bearing Sulfide Concentrates: A Review, Mineral Processing and Extractive Metallurgy Review, https://doi.org/10.1080/08827508.2023.2230344

 

 

Алдыңғы бетке қайта оралу