banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

28.09.2017 ж.

 «Металлургиялық саласының даму  болашағы» Дөңгелек үстел

2017 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымының докторы, профессор Манат Жақсыбергенұлы Толымбековты еске алу іс-шарасы шегінде, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургиялық институты базасында  «Металлургиялық  саласының  даму  болашағы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.  

Талқылауға келесі негізгі тақырыптар алынды :

    Технологиялар және өндірістік қызмет: аналитикалық шолу, даму келешегі, техникалық және қолданбалы аспектілер, экология.

    Іргелі зерттеулер: химия және металлургиялық үдерістерінің теориясы және үлгілеуі.

Дөңгелек үстел жұмысына келесі ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдері қатысты: ҚР ҰҒА Қарағанды бөлімі, Аймақтық даму институты, ICMD International Corporation of Metal and Alloy Development Holding GmbH, РҰА Металлургия Институтының Оралдағы бөлімі, Е.А. Букетов ат. ҚарМУ,  Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ, ҚарМТУ, М. Әуезов ат. ОҚМУ, «Он-Олжа» Корпорациясы, ҰЗТҚ  «Топаз ЛТД» және НИПП «Укрферро» компаниясының топтары, Металлургия және байыту институты, «Adis solutions» ЖШС, «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалдары және т.б.

«Казмеханобр» Мемлекеттік–өнеркәсіптік экология жөніндегі  ғылыми -өндірістік бірлестігі» филиалынан директор, х.ғ.к., ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Т. Шалғымбаев қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, екі мәрте ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Ә.А. Жәрменов ашты.

Қатысушылардың баяндамаларында М.Ж. Толымбеков  басшылық еткен жылдардағы Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургиялық институты  ғалымдарының жетістіктері мен металлургия облысындағы ғылыми ұйымдар және өнеркәсіптермен ынтымақтастықта  жеткен табыстары туралы айтылды.

Сонымен қатар Ж. Әбішев атындағы ХМИ басшылығы «Қазақстан ғалымдарының библиографиясына қатысты материалдар» құрастырып шығарды, оған профессор М.Ж.Толымбековтың  ғылыми-ұйымдастырушылық  және педагогикалық қызметтері, ғылыми еңбектері мен ғылыми жетекшілігімен диссертациялар қорғаған ғалымдардың тізімі енді.

Дөңгелек үстел жұмысының кейбір сәттері фотосуреттерде ұсынылған.

   

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

                  

     ______________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу