banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

«Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау – тау-кен металлургиялық кешенін дамытудың түйінді мәселелері» IХ халықаралық конференциясы.

2015 жылдың 20-22 мамыр айының аралығында Өскемен қаласында «Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау – тау-кен металлургиялық кешенін дамытудың түйінді мәселелері» IХ халықаралық конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы  «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ ғалымдары  директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары А.А.Ниязовтың басшылығымен 6 адам қатысты. Конференцияда Қазмеханобр бірлестігінің жас ғалымдары 5 ғылыми баяндама ұсынды, оның ішінде 3 түсті және асыл металл кендерін байыту технологиясын жетілдіру үрдісі (№2 бөлімше), 2 баяндама экология және қоршаған ортаны қорғауға (№4 бөлімше) арналған.

Конференциядан кейін Қазмеханобр бірлестігінің қызметкерлері тәжірибе алмасу ретінде «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы  «ШҒЗТКМИтүстімет» болды.

Біздің қызметкерлердің конференция жұмысына қатысуының кейбір сәттері төменде ұсынылған суреттерде бейнеленген.

        

                                            

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу