banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

AMM 2015 - «Astana Mining & Metallurgy 2015» VI Халықаралық тау-кен және металлургия конгресі.

2015 жылдың 17-18 маусым айында Астана қаласында AMM 2015 - «Astana Mining & Metallurgy 2015» VI Халықаралық тау-кен және металлургия конгресі өтті. АММ-2015 форумында келесі: тау-кен металлургия секторындағы инвестицияларды тарту, мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламалары, геологиялық барлау ісіндегі ең үздік әдістер, кен өндіру және металлургиялық өнеркәсібінің тиімді бағыттары, энергия тиімділігі мен өндіріс қауіпсіздігі, әлемдік бағалар мен металға деген сұраныстың серпіні, технология трансферті және халықаралық серіктестікті дамыту жөніндегі өзекті мәселелер баяндалды. АММ аясында дөңгелек үстел өткізілді, оның ішінде: «Алтын өндіру саласын дамыту, аффинаж кәсіпорындарында жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ құрамында асыл металдары бар қазақстандық шикізатты өңдеу үшін күш шоғырландыру, «ТКМК саласына қажет кадрлар», «ТКМК саласына инвестициялар» жөніндегі  тақырыптар талқыланды. Конгресс жұмысына «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы   «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ директоры, х.ғ.к, доцент С.Т.Шалғымбаев қатысты.  

        

          (үлкейту үшін  фотосуретке басыңыз )
          (фотосуретті жабу үшін -  Esc кл.басыңыз)

 

                                            

 _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу