banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

21-22.01.2016 жылы

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ӘБІШЕВ ОҚУЛАРЫ - 2016 «Минералдық шикізаттарды кешенді  өңдеудегі  инновациялар»

 

2016 жылдың 21-22 қаңтарында Алматы қаласында ӘБІШЕВ ОҚУЛАРЫ-2016 «Минералдық шикізаттарды кешенді  өндеудегі  инновациялар» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Ж.Н. Әбішевтың 80-жылдығы мен ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте  иегері, академик  Ә.А. Жәрменовке арналды.

Конференцияның бірінші күні пленарлық отырыс пен «Жібек жолы» трансұлттық бағдарлама аясында металлургиялық жобалар» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылдың 22 қаңтарында – 3 секция бойынша жұмыс жүргізілді.

Конференцияның жұмысына  Қазмеханобрдан  филиал директоры  С.Т. Шалғымбаев бастаған 16 маман қатысты.

Қазмеханобрдан №2 секцияға «Жұпыны, баланстан тысқары шикізатты байытудағы заманауи тәсілдер. Табиғатты пайдаланудың экологиялық аспектілері» 7 ғылыми мақала берілді.

        Баяндама жасағандар директордың  ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. А.А. Ниязов, асыл металдар зертханасының меңгерушісі, х.ғ.к. Л.С. Болотова,  ғылыми хатшы, магистр А.М. Жолдасбаева.

Конференция жоғары ұйымдастырылған деңгейде дайындалып өткізілді.

 

Біздің мамандардың  конференцияға қатысқан кейбір сәттері ұсынылған фотосуреттерде.

        

               (фотосуретті  үлкейту үшінүстіне басыңыз)

(фотосуретті жабу үшін-  Esc пернесін басыңыз)

  

                                        

 

  _________________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу