banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

26-30.09.2016 ж.

Механобр Интитутының 100 жылдығына арналған Халықаралық Конференция  «Минералдық шикізатты қайта өңдеу және байытудағы қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды үнемдеу»

    

2016 жылдың 26–30 қыркүйегінде Санкт-Петербург қаласында (Ресей) Механобр Институтының 100-жылдығына арналған «Минералдық  шикізатты қайта өңдеу және байыту кезінде  қоршаған ортаны қорғау және ресурсты үнемдеу» (Плаксин оқулары–2016)  Халықаралық    конференциясы өтті.

Конференцияға Казмеханобрдан Асыл металдар зертханасының меңгерушісі, х.ғ.к., Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  сыйлығының лауреаты Л.С. Болотова қатысып «Қаныққан алтынды шайырды қайта өңдеу үшін Казмеханобрдің ресурстарды үнемдеу технологиясы» тақырыбына баяндама жасады (бірлескен  авторлар А.Г. Романенко, С.Т. Шалғымбаев).

«ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» Мемлекеттік өнеркәсіптік экология жөніндегі ғылыми-өндірістік бірлестігі» филиалы  1958 жылы Қазақстанда Механобр базасында құрылған ұйымы ретінде Механобр Институтының  директорлар кеңесінің Төрағасы Л.А.Вайсбергке құттықтау хатын  жіберді.

Механобр Институтының 100-жылдығына арналған салтанатты жиналыста Л.С.Болотова Казмеханобр ұжымының атынан Л.А.Вайсбергке  құттықтау папкасын тапсырды.

 (ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

       

                                        

     ______________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу