banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

10-11.10.2016 ж.

«Тұрақты ғылыми-технологиялықдаму: трендтер және технологиялар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция шегінде «Қазақстан Республикасының жер астындағы байлықтарын өңдеу, игеру, барлау проблемалары және қазіргі технологиялар» геологиялық тау-кен металлургиялық секциясы

 

2016 ж. 1011 қазанында  «ҚР МШКҰ ҰО» РМК  «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалыбазасында «Тұрақты ғылыми-технологиялықдаму: трендтер және технологиялар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция шегінде«Қазақстан Республикасының жер астындағы байлықтарын өңдеу, игеру, барлау проблемалары және қазіргі технологиялар» геологиялық тау-кен металлургиялық секциясының жұмысы өткізілді.

 

Конференция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25-жыл толуы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының 25-жылдық мерейтойына арналды.

 

Конференцияның Бағдарламасына сәйкес2016 ж. 10 қазанында  конференцияның ашылу салтанаты мен Сессияның жұмысы–Геология (Сессияның Төрағасы М.Ж.Бітімбаев), Сессияның жұмысы Тау-кен ісі (Төрағасы Н.С.Бүктіков) өтті. Конференцияның екінші күнінде 3 Сессияның–Байыту және металлургия (Төрағасы С.М. Қожахметов), 4 Сессияның–Қалдықтарды қайта өңдеу. Табиғатты пайдаланудың  экологиялық  аспектілері (Төрағасы С.Т. Шалғымбаев) жұмыстары өткізілді.

 

Конференцияға 40 аса ғылыми және өндірістік ұйымдардың өкілдері қатысты, оның ішінде 5 жақын және алыстағы шетелден. Конференция жұмысына «ҚР МШКҰ ҰО» РМК  «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалының Басшылығы, жетекші мамандары және жас ғалымдары  қатысты.

 

Казмеханобрден 3 Сессияға 5 ғылыми мақала ұсынылды.

 

Баяндама  жасағандар:

-     Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. А.А. Ниязов;

-     Минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік  сынақтар бөлімінің бастығы Э.М. Ли;

-     Асыл металдар зертханасының ғылыми қызметкерлері  Ш.Ч.Алтынбек және Б.Н. Сүрімбаев.

 

 Конференцияға қатысушылар мен қонақтар баяндамаларды үлкен  ынтамен тыңдап және ұсынылған жұмыстардың деңгейінің жоғары  екенін атап өтті.

 

Конференция барысында 30-дан аса баяндамалар тыңдалды, соның ішінде  1 Сессия бойынша 8, 2 Сессия – 5, 3 Сессия – 12, 4 Сессия – 6.   Сырттай қатысу үшін 36 ғылыми жұмыс ұсынылды (1 Сессия бойынша 2,  2 Сессия – 10, 3 Сессия – 17, 4 Сессия – 7).

 

Академиктер Ә.А. Жәрменов, М.Ж. Бітімбаев, С.М. Қожахметов қонференцияны қорытындылай отырып, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

 

 

Біздің мамандардың  конференция жұмысына қатысуының кейбір сәттерін ұсынылған фотосуреттен көруге болады.

 

  

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

 

                                        

 

     ______________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу