banner glavkz

 _________________________________________________________________________________________ 

16.11.2016 ж.

Дөңгелек үстел «Қазақстанның тау-кен-металлургиялық кешенінің гидротехникалық  құрылыстары үшінбитум геомембранасын дайындау және пайдалану инновациялық шешімдері» 

 

 

2016 жылдың 16 қарашасында «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалы базасында «Axter-Coletanche» француз компаниясының өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның тау-кен-металлургиялық кешенінің  гидротехникалық құрылыстары үшінбитум геомембранасын дайындау және пайдалану инновациялық шешімдері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел шегінде таныстыру рәсімімен «Axter-Coletanche» француз компаниясының өкілдері сөз сөйледі: Жак Меглен – экспорт бойынша директор, Иван Мисар – техникалық менеджер, Александр Якунин – Қазақстандағы  Өкілдік директоры.

Таныстыру рәсімінде техникалық менеджер Иван Мисар ГМК саласындағы осыған ұқсас дәстүрлі түрде пайдаланылатын материалдардың өзіндік ерекшеліктері туралы жан-жақты баяндады. Қазіргі уақытта пайдаланылатын   дүниежүзілік аналогтармен геомембрана ерекшеліктеріне өткізілген салыстырмалы саралау мысалға келтірілді. Компанияның француз және қазақстан мамандары оның кез келген ортаға немесе ауа-райы жағдайына  бейімделу қабілеттілігін атап өтіп бұл қасиеті оны қоршаған орта облысында ғана емес құрылыста, көлік инфрақұрылымында сонымен қатар тау-кен-металлургиялық саласында пайдалану мүмкіндігін әлде қайда арттыратынын  атап өтті   (мысалы, үйінділі сілтіден айыру алаңшаларында , байыту фабрикалары және гидрометаллургиялық зауыттардың қалдықтар қоймасында, жоғары уытты және радиоактивті өндірістік және тұрмыстық қалдықтар қоймаларында). Осы  геомембарананы қолдану әр практикалық бағыты компанияның дүниежүзілік практикасындағы мысалдармен толықтырылып отырады. Бұл материалды біздің елде де қолдану оң тәжірибесі аталып өтті. Қазақстанның солтүстігінде  орналасқан кеніштердің бірінде үйінділі сілтіден айыру алаңшасының негізіне геомембранадан  төсем төселіп тасталынған.

Дөңгелек үстел жұмысына келесі қызметкерлер қатысты:

- «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді  ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» РМК: Жобалау-конструкторлық бөлімнің бастығы Иманбаев М.А., бөлімнің Бас инженері Қамысбаев Н.К., Күрделі құрылыс  бөлімінің бастығы Қабылбеков М.Н., инвестициялар бөлімінің бастығы  Әбенова А.О.,

- «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ  филиалынан: директордың ғылым жөніндегі орынбасары Ниязов А.А., бас инженердің м.а. – директордың орынбасары Лейно Л.А., гидротехникалық құрылғылар бөлімінің бастығы Тоқсеитов Қ.М.,

- «Д.А.Қонаев ат. ИГД» Филиалынан: жобалардың бас инженері Р.Б., Тұрсынханов, эколог  Раченков А.Н. және басқа да Филиалдың жобалау және ғылыми бөлігінің жетекші мамандары қатысты.

Ұсынылған баяндамалардан кейін, мүдделі қызметкерлермен талқылау басталды.

Дөңгелек үстел жұмысының кейбір сәттерін төменде ұсынылған фотосуреттерден көруге болады.

  

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)

(жабу үшін -  Esc кл.басыңыз

 

                  

 

     ______________________________________________________________________________________ 

Алдыңғы бетке қайта оралу