banner glavkz

______________________________________________________________________________________

201ж. 15.03. 

Хакимова Эльмира Мансұрқызының 50 жасқа толу мерейтойы!

 

2017 жылдың 15 наурызы күні «ҚР МШКҚҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалының ұжымында химия-аналитикалық зертханасының (ХАЗ) инженері Хакимова Эльмира Мансұрқызының 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шарасы өткізілді.

 

Э.М. Хакимова осы зертханада 2004 жылдан бері еңбек етеді.

 

Осы мерзімде, химиялық саралау облысында  өзін жауапты, тәжірибелі, біліктілігі жоғары маман ретінде көрсете білді.

 

Эльмира Мансұрқызы полиметалды кендерді, байытатын өнімдері мен түрлі-түсті металдар кендерін саралау, тәбиғи және өнеркәсіптік сарқынды суларын көлемді саралау әдістерін, сонымен қатар жалпы минералогиялық құрам, металдарды саралау, цианидтерді және ықшамдалған табиғи сулар саралауын толық меңгерген.

 

Сонымен қатар, Эльмира Мансұрқызы жалынды фотометр және атомдық-абсорбциялық спектрометрде спектрлік саралау әдістерін игерді.

 

Ғылыми бөлімшелердің басшылары оның еңбексүйгіштігі мен саралауды өткізу процесін дұрыс ұйымдастыра білетін ептілігін атап өтті.

 

        Басшылық және әріптестері мерейтой иесін шын жүректен құттықтап жылы лебіздер білдірді.

 

Э.М. Хакимова мінсіз еңбегі үшін және мерейтойына байланысты Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

                          

Эльмира Мансұрқызы Мерейтойыңыз құтты болсын!

 

Осы салтанатты  іс-шараның кейбір сәттерін төмендегі фото суреттерден тамашалауға болады.

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)

 

 

                        


 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу