banner glavkz

______________________________________________________________________________________

07.08.2017 ж.

ҚАЗМЕХАНОБРДЕ ЕРЕКШЕ ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ!

 

Қазмеханобрдің басшылығы директор С.Т. Шалғымбаевтың басшылығымен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК  «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ  филиалының Химия-аналитикалық зертханасында 49 жыл бойы басшылық етіп және зертхананың  құрылып, дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін Геннадий Петрович Штреккердің атын беріп стенд рәсімдеуге ықыласын білдірді.

Химия-аналитикалық зертханасына Геннадий Петрович Штреккердің атын беру мәселесі Филиалдың Ғылыми-техникалық кеңесінде (ҒТК) қаралды, онда ҒТК мүшелері Филиал директорының ұсынысын бірауыздан қолдады.

Содан соң бұл мәселе «ҚР МШКҰ ҰО» РМК  бас директоры, академик Ә.А.Жәрменовпен келісілді.

 «Г.П. Штреккер атындағы  Химия-аналитикалық зертхана» жаңа маңдайша жазудың ашылу салтанатына директор Шалғымбаев С.Т.,  директордың  ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ниязов А.А., ғылыми хатшы Джолдасбаева А.М., ғылыми бөлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Болотова Л.С., Ли Э.М., Иванов Е.В., Химия-аналитикалық зертханасының қызметкерлері, сонымен қатар Қазмеханобрдің бұрынғы қызметкері,  қазіргі «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ инженер-байытушысы Керімбекова Бақтыгүл Жоламанқызы және т.б. қатысты.

Салтанатты жиынды кіріспе сөзімен Филиал директоры С.Т. Шалғымбаев ашты. Ал Геннадий Петровичті еске алу сәті жөнінде  директордың  ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ниязов А.А., асыл металдар зертханасының меңгерушісі Болотова Л.С., минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің бастығы Ли Э.М., Керімбекова Б.Ж., химия-аналитикалық зертханасының қызметкерлері: І санатты техник Кашина Р.А., аға ғылыми қызметкер Оразалиева Ж.К. сөз сөйледі.

Сөз сөйлегендердің барлығы Г.П. Штреккердің сіңірген еңбегі, өз ісінің шебері болғанын  және өте жақсы басшы, сонымен қатар оның тамаша кісілік қасиеттерін: мейірімді, әділ және өте қарапайым адам болғаны туралы атап өтті.

Осы орайда Г.П. Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертхана ұжымына осы атақты жоғары ұстап, алдағы уақытта табысқа жете берулеріне  жүрек жарды тілектер айтылды.

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)

 

 

                        


 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу