banner glavkz

______________________________________________________________________________________

25.08.2017 ж.

Казмеханобрге  ХИМИя-АНАЛИТИкалыҚ  зертханасының ардагерлері келді!

 

2017 жылдың 25 тамызы күні Геннадий Петрович Штреккер атындағы химия - аналитикалық зертханасына сол зертхананың  ардагерлері келді.

Химия–аналитикалық зертханасына Геннадий Петрович Штреккер  атының берілуіне, зертхана тарихы және Г.П. Штреккердің сіңірген еңбегіне арналған стенд жасалуына байланысты аталған зертханада Г.П. Штреккердің басшылығымен 40 жылдан астам еңбек еткен ардагерлер: Алевтина Анатольевна Вдовкина, Алевтина Александровна Цой, Надежда Тимофеевна Боровикова, Лариса Михайловна Романовалар құрмет көрсетуге келді.

Оларды Химия–аналитикалық зертханасын Геннадий Петрович Штреккер атының берілуіне, оның еңбегінің өте жоғары бағаланғаны қатты тебірентті.

Геннадий Петрович Штреккер атындағы Химия–аналитикалық  зертханасында болған бұл кездесуге Казмеханобр басшылығынан директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары А.А. Ниязов, Асыл металдар зертханасының меңгерушісі Л.С. Болотова, Минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің бастығы Э.М. Ли қатысты.

Зертхананың жаңа маңдайша жазуымен стенд жанында түскен естелік суреттер төменде ұсынылған.

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)

 

 

                        


 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу