banner glavkz

______________________________________________________________________________________

20-22.09.2017 ж.

   

 «Тау-кен жабдықтары, минералдар мен кендерді байыту және өндіру» 23-ші Орталық Азия халықаралық көрмесі

 

Алматы қаласында 2017ж. 20-22 қыркүйегі аралығында «Тау-кен жабдықтары, минералдар мен кендерді байыту және өндіру» 23-ші Орталық  Азия халықаралық көрмесі өтті.

Бұл ірі тау-кен металлургиялық көрмесін ITE Group Plc (Ұлыбритания), GIMA (Германия), EUF (Түркия), ITE China (Қытай), ITE Poland (Польша), ITE Asia Pacific (Малайзия) халықаралық серіктестерімен бірігіп қазақстанның Iteca компаниясы ұйымдастырды.

Көрме шегінде тематикалық дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер және семинарлар өткізілді, онда әр-түрлі техникалық мәселелер сонымен қатар болашақтағы ынтымақтастықпен инвестициялық жобалар талқыланды.

Казмеханобрдан көрмеге директор С.Т. Шалғымбаев, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары А.А. Ниязов, асыл металдар зертханасының меңгерушісі Л.С. Болотова, жартылай өнеркәсіптік сынақтар және минералдық шикізатты байыту бөлімінің бастығы Э.М. Ли, гидротехникалық құрылғылар бөлімінің бастығы Қ.М. Тоқсеитов, технологиялық бөлімнің бастығы Л.Г. Уаисова, құрылыс бөлімінің бастығы М.А. Александрова, ЖБИ бюросының бас инженері Р.Т. Елғазиевалар қатысты.

Көрме алаңында компания өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізілді:

  • «Disrilab» - бас директоры А.Б.Туктин,
  • «Sontex Technology» - департамент басшылары К.В.Гуменюк, А.Н.Корчевский,
  • «Maelgwyn Mineral Services Limited» - бас менеджері Steve Flatman,
  • «Уралмашзавод» УЗТМ - сауда тобының басшысы Магрицкий Д.В., сауда бойынша аумақтық  менеджері  А.В.Калугин,
  • «Урал-Омега» ЖАҚ – сауда бөлімінің  бастығы Пьянзин Д.,
  • «RG Gold»ЖШС – бас директор С.О.Сыздыков, директордың орынбасары Б.А.Тлеулинов

 

 

Төменде көрмеден фотосуреттер ұсынылған.

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)

                        


 

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу