banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

10.09.2018

Евгений Владимирович Ивановтың 60- жасқа толу мерейтойы!

2018 жылдың 10 қыркүйегінде Казмеханобр ұжымында Г.П.Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертханасының (ХАЗ) меңгерушісі Евгений Владимирович Ивановтың 60-жасқа толуына орай, құрмет көрсету салтанатты жиыны өткізілді.

Е.В.Иванов 1980 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітіріп, 1980 - 1992 жж аралығында ҚР ҰА химия ғылымдары Институтында еңбек етті.

2016 ж. 11 тамызынан «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «КАЗМЕХАНОБР» «Мемлекеттік - өнеркәсіптік экология жөніндегі ғылыми - өндірістік бірлестігі» филиалының Г.П.Штреккер атындағы химия-аналитикалық зертханасының меңгерушісі.
Евгений Владимирович бірінші күнен бастап өзін жауапты және білікті зертхана меңгерушісі ретінде көрсетті.

Аз уақыт ішінде ол зертхана ұжымын ұйымдастыра алды және 2022 жылға дейін тіркеу аттестатын ұзарту және ұлғайту бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Химиялық саралау әдістерін, дәрілік препараттардың органикалық заттарының синтезін, және жоғары молекулалы қосылыстар үшін жартылай өнімдердің әдістерін толықтай меңгерген, сонымен қатар, дисперсті жүйелермен жұмыс істеген.

Басшылық, әріптестері, мерей той иесін, жұмыс күнінен кейін, мерекелік дастархан басында шын жүректен құттықтап жылы лебіздер білдірді.

Е.В. Иванов адал еңбегі үшін Құрмет грамотасы және ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Евгений Владимирович мерейтойыңыз құтты болсын!

Салтанатты жиынның кейбір сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған .

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)

 

                              

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу