banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

19.10.2018 ж.

Мерейтойлық Конференция

 

 

     2018 жылдың 19 қазанында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді  ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» республикалық  мемлекеттік  кәсіпорнының (Ұлттық орталық) «Қазмеханобр» мемлекеттік  өнеркәсіптік экология жөніндегі  ғылыми - өндірістік бірлестігі (Қазмеханобр)  филиалында «Минералдық шикізатты кешенді өңдеу инновациялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция шегінде, Ұлттық Орталық 25-жылдығына және Қазмеханобрдың 60-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасында металдар өндірісінің даму стратегиясы және  минералдық шикізатты байытуды бағалау» тақырыбына ғылыми Секция өткізілді. 

Конференцияның салтанатты бөлігін Қазмеханобр директоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҰҒА құрметті академигі, х.ғ.к., доцент С.Т.Шалғымбаев және Ұлттық орталықтың бас директоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, ҰҒА академигі, т.ғ.д., Ә.А.Жәрменов құттықтау сөзбен ашты.

 

Ұлттық орталықтың бас директоры Ә.А.Жәрменов Қазмеханобрдың 60 жылдық мерейтойына байланысты төмендегі қызметкерлерді адал және жемісті еңбектері үшін Ұлттық орталықтың құрмет грамотасымен марапаттады :

1. Ниязов А.А., Қазмеханобр директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к.

2. Мазяркина Л. А., асыл металдар зертханасының бас маманы.

3. Палийчук Г. М., асыл металдар зертханасының бас маманы.

4. Ярцева Т. Н., асыл металдар зертханасының аға лаборанты.

5. Хакимова Э. М., химия-аналитикалық зертханасының инженері.

6. Уаисова Л. Г., технологиялық бөлімінің бастығы.

7. Игнатов С. А., энергетика және эксплуатация бөлімінің бастығы.

8. Нұрболатұлы А., минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

9. Агибаева Д. Н., минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің жетекші инженері.

 

«Қазмеханобрдің құрылу және даму тарихы» тақырыбына Қазмеханобрдің директоры С.Т.Шалғымбаев баяндама жасады.

 

Ақпараттық технологиялар және сервистік қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерінің күшімен мұрағаттық материалдар негізінде Қазмеханобрдің құрылуы және дамуы тарихына арналып жасалған бейне ролик көрсетілді.

 

Құттықтау сөз сөйлегендер:

- Қожахметов С.М. «Металдар және материалдар» «Евразиялық ғылыми-технологиялық Орталығы» ЖШС Президенті, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д.;

- Сыздықов С.О. «RG Gold» ЖШС Бас директоры;

- Марьин А.А.  «Атығай Голд Майнинг» ЖШС директоры;

- Асан С. Ю. «Nova-Цинк» ЖШС Бас директоры;

- Буктуков Н.С. Қонаеват. ИГД «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалының директоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д.;

-Байсанов С.О. Ж.Әбішеват. ХМИ «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалының директоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т.ғ.д.,профессор;

- Старцев И.В., «ВНИИцветмет» «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалының директоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

-Сатбаев Б.Н. «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Астана филиалының директоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т.ғ.д.,профессор;

Қазмеханобрдың еңбек ардагерлері:

- Петров А.И.;

- Ремизов И.С. сантехникалық бөлімінің бастығы;

- Болотова Л.С. асыл металдар зертханасының меңгерушісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, х.ғ.к.;

- Ли Э.М. минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің бастығы, академик Букетов сыйлығының лауреаты.

- Ниязов А.А. директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, академик Букетов сыйлығының лауреаты , т.ғ.к.

 

  Ғылыми Секция жұмысына Ресей және Қазақстанның ұйымдары мен кәсіпорындарының басшылары мен өкілдері қатысты:

- «Металдар және материалдар» «Евразиялықғылыми-технологиялық   Орталығы» ЖШС, Алматы қ.;

- «Уралмеханобр» ААҚ, Екатеринбург қ., Ресей;

- «Урал-Омега» ЖАҚ, Магнитогорск қ., Ресей;

- INTERTECH Corporation, Новосибирск қ., Ресей;

- «Атығай Голд Майнинг» ЖШС, Қостанай қ.;

- «RG Gold» ЖШС, Щучинск қ.;

- INTERTECH Corporation, Астана қ.;

- «Шоқпар -Гагаринское» ЖШС, Астана қ.;

- «ҰТКК Тау-Кен Самұрық», АҚ Астана қ.;

- Жер қойнауының кәсіби тәуелсіз сарапшылар бірлестігі, Астана қ.;

- Қонаев ат. ИГД «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы, Алматы қ.;

-Ж.Әбішев ат. ХМИ«ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы, Қарағанды қ.;

-«ВНИИцветмет» «ҚР МШКҰ ҰО» РМК филиалы, Өскемен қ.;

- «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Астана филиалы, Астана қ.;

- «Nova-Цинк» ЖШС, Ақжал к., Қарағанды облысы;

- «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы;

- «АК Алтыналмас» АҚ, Алматы қ.;

- «Полифлокс» ЖШС, Алматы қ.;

- «AltynExCompany» АҚ,Ақтөбе қ.;

- «Балқаш геологиялықартелі», ЖШС Алматы қ.;

- «Оутотек» ЖШС (Қазақстан), Алматы қ.;

- «Central Asia Gold Corp.»ЖШС, Алматы қ.;

- «RepSample» ЖШС, Алматы қ..

 

Секцияда жалпы 24 баяндама тыңдалып талқыланды олардың негізгі тақырыптары Қазақстан Республикасында алтын өндіру стратегиясы мәселелері және жартылай өнеркәсіптік сынақтар және саланың проблемаларын инновациялық шешу жолдары - минералдық шикізатты байытуды технологиялық бағалаудың негізгі кезеңі бағытына арналды.

 

Секция материалдарынан электрондық Жинақ құрастырылып шығарылды, онда: полиметалды кендердің, қиын байытылатын алтынды кендерді қайта өңдеу бағытындағы қолданбалы ғылыми зарттеулердің қорытындылары, техногендік және минералдық шикізатты қайта өңдеу инновациялық технологиялар бойынша әзірленімдер, флотация процесінде шахтаның және сарқынды суларды пайдаланумен байланысты байытуға полимерлік реагенттерін пайдалану мәселелері және жаңа жабдықтар түрлері ұсынылған.

Салтанатты отырыста ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындардан Қазмеханобрдың 60 жылдық мерейтойына арналған құттықтау хаттары және естелік сыйлықтар тапсырылды.

 

Мерейтой іс-шараларының кейбір сәттері фотосуреттерде ұсынылған.

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз) 

 

                   

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу