banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

28.11.2018 ж.

«SeproMineralSystems алтын қазатын жабдықтар және технологиялар» Семинары

    

2018 жылдың 28 қарашасы күні «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалы алаңшасында «Sepro Mineral Systems» (Канада) компаниясының ресми өкілі - «ПРО Евразия» ЖШҚ (Ресей) Қазақстан Республикасының алтын қазатын кәсіпорындарының жатып қалған қалдықтарын және минералдық шикізатты байыту кешенді шешімінің мәселесіне арналған семинар өткізді.

Семинар жұмысын  құттықтау сөзбен Қазмеханобрдің директоры Шалғымбаев Серікбол Тілеулесұлы ашты. Әрі қарай семинардың жұмысын жүргізу «ПРО Евразия» ЖШҚ Орал өкілдігінің басшысы Долгих Александр Анатольевичке жүктелді.

Салтанатты түрде «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалы және «ПРО Евразия» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шартына қол ресми қойылды.

Семинарда тұсаукесерлермен «ПРО Евразия» ЖШҚ техникалық директоры Данила Александрович Самосий сөз сөйледі.

Өз сөзінде Данила Александрович алтынды, күмісті, ақ алтынды, хромды, қалайыны, мырыш, қорғасын және басқа да ауыр минералдарды алу үшін негізгі технологиялық және қосалқы жабдықтар бойынша ақпаратты жан-жақты баяндады.       

Сонымен қатар Sepro Mineral Systems бас технологиясы туралы айтып өтті, олар әр түрлі шикізат типтерінен алтынды гравитациялық алуды ғана жүзеге асырып қоймай берілген материалды байыту дайындығын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді: 2-5мкр іріліктегі ультражіңішке бөлшектерді өнеркәсіптік алу; 1 мм іріліктегі ұсақ кластар үшін ауырорташа байыту тиімді технологиясы; жақсартылған кинетикасымен алтынды сілтіден айыру жаңа қарқынды циандау реакторы; шағын алтынды қорларымен техногендік кеніштер үшін модульдік шешімдер - флотациялық іріліктегі сульфидтерді алдын ала байыту технологиялары.

Сонымен қатар, ТМД елдері мен Ресей аумағында Sepro Mineral Systems жабдықтарына сервистік қызмет көрсету бағдарламалары, Falcon концентраторларында гравитациялық байыту технологияларын сынақтан өткізу мүмкіндігі және Ресейде Falcon/iCON центрден тепкіш концентраторын практикада пайдалану бойынша тұсаукесерлер ұсынылды.

Семинар шегінде, сенімді, химиялық мықты гидрожекелегіш пайдалану қажеттілігіне арналған металлургиялық, тау-кен қазушы кешендердің экология облысындағы кейбір проблемалары бойынша «Axter-Coletanche» француз компаниясының Қазақстандағы Өкілдігінің директоры Александр Иванович Якунин сөз сөйледі.

Семинарға төмендегі кәсіпорындардың басшылары және өкілдері қатысты:

- «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ,
- «ПРО Евразия» ЖШҚ,
- «АК Алтыналмас» АҚ,
- «Central Asia Gold Corp.» ЖШС,
- «Асем Тас-Н» ЖШС,
- «Заринк ЖШҚ,
- «Строй Профиль СТМ» ЖШС,
- «Axter-Coletanche»,           
- «Tin One Mining» АҚ,
- Казмета,
- «Интеллпром» ЖШС,
- LLP «Ertis Nugrim»,
- «Казцинк» ЖШС.

Ұсынылған баяндамалардан кейін семинарға қатысушылар мүдделі мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

 

Семинардың кейбір сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз)
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз) 

 

                   

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу