banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

31.01. 2019 ж.

«Қытайша Жаңа жылдық қабылдау»!

 

2019 жылдың  31 қаңтарында  Алматы қаласында  Қытай Халық Республикасының Бас консулы Чжан Вэй Игілік Паласта жаңа жылға арналған салтанатты  қабылдау өткізді.

Салтанатты қабылдауға «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалынан ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, асыл металдар зертханасының меңгерушісі, тотықтырылған алтынды кендерді қайта өңдеу инновациялық технологиясын әзірлегені үшін шетелдік мамандарға арналған ҚХР жоғарғы марапаты - Достық медалінің иегері Л.С.Болотова шақырылды.

Қабылдау басталғаннан кейін, кездесу үйлестірушісі Улан Нукан Л.С. Болотованы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Чжан Вэймен таныстырды. Чжан Вэй ҚХР металлургия саласының дамуына зор үлес қосқаны үшін Л.С.Болотоваға алғыс айтып зор денсаулық тіледі!

Әрі қарай салтанатты қабылдау ҚХР консулдығы ұйымдастырған концерттік бағдарлама және фуршетпен жалғасты.

 

Салтанатты қабылдаудың кейбір сәттері фотосуреттерде ұсынылған

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз) 

 

                             

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу