banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

07.03.2019 ж.

8- ші Наурыз Халықаралық әйелдер күні

 

2019 ж. 7 наурыз күні «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалының директоры Серікбол Тілеулесұлы Шалғымбаев бастаған ерлері салтанатты түрде ханымдарды көктемнің алғашқы мерекесі 8-ші Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

 

8-ші Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Қазмеханобрдің әйелдер қауымы ақшалай сыйлық, гүл шоқтарын және басқадай сыйлықтар алды.

 

Салтанатты түрде, қоғамдық және өндірістік жұмыста қолжеткен табыстарының жақсы көрсеткіштері үшін және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің құрметіне келесі қызметкерлерге Құрмет грамоталары берілді:

  • химия-аналитикалық зертханасының 1 санатты технигі Р.А. Кашинаға,
  • минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің 5 разрядты флотаторы Н. Б. Скуридинаға,
  • асыл металдар зертханасының ғылыми қызметкері Ш. Ч.Алтынбекке,

және

  • химия-аналитикалық зертханасының ғылыми қызметкері Ә. Қ. Бөгембаеваға,
  • шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Г. А.Абиловаға,
  • кадрлар бөлімінің кадрлар бойынша маманы Ә.Қ.Сахановаға

Алғыс хаттары берілді;

Әрі қарай іс-шара Жас ғалымдар кеңесінің күшімен дайындалған мерекелік концерт конкурстармен, құттықтаулармен, және әндермен өз жалғасын тапты.

 

 

8-ші Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау кезіндегі кейбір қызықты сәттер төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу