banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

19.03.2019ж.

 

Любовь Анатольевна Большакованың 60-жылдық мерейтойы!

 

2019 жылдың  19 наурызында Қазмеханобр ұжымында минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің 5 разрядты флотаторы Любовь Анатольевна Большаковаға құрмет көрсету салтанатты жиыны өтті.

 

Л.А. Большакова 1980 ж. 28 қаңтарында «Қазмеханобр» Ғылыми-зерттеу институтының жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөліміне жұмысқа қабылданды. «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалында еңбек ету барысында ол келесі үдерістерді меңгерді: қорғасын-мырыш, марганец, барит т.б. кендердің сынамаларын дайындау. 

Сонымен қатар зерттеулер жасайтын орташа сынамаларды іріктеу әдістерін, химиялық саралауға арналған сынамаларды іріктеп дайындауды меңгерді.

 

Өндіріске сіңірген еңбегі үшін құрмет грамоталарымен алғыс хаттары мен марапатталды.

 

Басшылық, әріптестері мерейтой иесін шын жүректен құттықтап жылы лебіздерін білдірді.

 

Л.А. Большакова көп жылғы жемісті еңбегі үшін және мерейтойына байланысты грамотамен марапатталды және ақшалай сыйлықақы берілді.

 

Мерейтойыңызбен,  Любовь Анатольевна!

 

Салтанатты іс-шараның кейбір сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу