banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

04.05.2019 ж.

 

Елена Павловна Ерисковскаяның 60-жылдық мерейтойы!

 

2019 жылдың 4 мамыры күні Қазмеханобр ұжымында минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің 5 разрядты флотаторы Елена Павловна Ерисковскаяға құрмет көрсету салтанатты жиыны өтті.

 

Е.П. Ерисковскаяның еңбек жолы 1976 жылы Алматы қ.№116 мектебін бітіргеннен кейін, бүгінгі күнге дейін еңбек етіп жүрген  «Қазмеханобр» Ғылыми-ерттеу институтында басталды. «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалында еңбек ету барысында ол барлық кендерді байыту үдерістерін меңгерді: полиметалды, мыс, мыс-мырыш, қорғасын-мырыш, марганец, барит және т.б. Кендермен концентраттардың физика-химиялық ерекшеліктерін анықтау әдістерін толық меңгерген. Жас мамандармен өз тәжірибесімен бөлісуде.

 

Өндіріске сіңірген еңбегі үшін Елена Павловна бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталып алғыс жарияланды.

 

2017 жылы Қазақстан Республикасының даму және  инвестициялар бойынша Министрлігінің грамотасымен марапатталды.

 

Басшылық, әріптестері мерейтой иесін шын жүректен құттықтап жылы лебіздерін білдірді.

 

Е.П. Ерисковская көп жылғы жемісті еңбегі үшін және мерейтойына байланысты грамотамен марапатталды және ақшалай сыйлықақы берілді.

 

Мерейтойыңызбен, Елена Павловна!

 

Салтанатты іс-шараның кейбір сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу