banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

06.05.2019 ж.

 

Отан қорғаушылар күні

 

2019 ж. 6 мамыр күні «ҚР МШКҰ ҰО» РМК «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалының әйелдер қауымы салтанатты түрде ұжымның ер азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. 

Филиалдың Директоры С.Т. Шалғымбаев салтанатты түрде «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі дүркін лауреаты, академик Ә.А. Жәрменовтың атынан мерейтойына байланысты Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық даму және индустрия Министрлігінің III дәрежедегі «Еңбек даңқы» омырауға тағатын белгісін гидротехникалық құрылымдар бөлімінің бастығы Қ.М.Тоқсеитовке табыстады.

 

«ҚР МШКҰ ҰО» РМК 25 жыл толуына байланысты көп жылғы еңбегі үшін, «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталды:

  • Болотова Л.С., асыл металдар зертханасының меңгерушісі,
  • Ли Э.М., минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің меңгерушісі,
  • Ремизов И.С., сантехникалық бөлімнің бастығы,
  • Кұрманғалиева К.А., минералдық шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімінің жетекші инженері,
  • Алиев В.О., сервистік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы,
  • Смолякова В.И., бас бухгалтер,
  • Абдикенова Ш.А., кадрлар бөлімінің бастығы,
  • Жамалиева Г.С., мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі бастығының м.а.,
  • Богатырева Е.В., бухгалтерияның экономисі,
  • Алтынбек Ш.Ч., асыл металдар зертханасының ғылыми қызметкері, PhD,
  • Сүрімбаев Б.Н., асыл металдар зертханасының ғылыми қызметкері, PhD.

 

Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай келесі қызметкерлер Алғыс хатымен марапатталды

  • Серкешпаев О.О., ішкі қауіпсіздік қызметінің күзетшісі,
  • Олейников В.А, асыл металдар зертханасының муфельщик-ерітушісі,
  • Кұдашев С.С., шаруашылық бөлімінің жұмысшысы,
  • Қаятов Д.З., шаруашылық бөлімінің жұмысшысы,
  • Абайұлы О, сервистік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімінің техник-бағдарламашысы.

 

Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай, Қазмеханобрдің ер азаматтарына сыйлықтар тапсырылды.

 

Әрі қарай іс-шара Қазмеханобрдің әйелдер қауымы дайындаған мерекелік концерт, құттықтаулар және конкурстармен жалғасты.

  

Отан қорғаушылар күні мерекесін тойлау барысындағы қызықты сәттер төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу