banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

20.06.2019 г.

 

Людмила Андреевна Мазяркинаның 70-жылдық мерейтойы!

 

2019 жылдың 20 маусымында Қазмеханобр ұжымында асыл металдар зертханасының бас маманы Людмила Андреевна Мазяркинаға құрмет көрсету салтанатты жиыны өтті.

Л.А. Мазяркина 1967 ж. Днепропетровск химия - технологиялық институтына түсіп одан 1968 жылы С.М. Киров ат. Қазақ мемлекетттік университетінің химия факультетінің кешкі бөліміне ауысты.
1969 жылдың науырыз айында Қазмеханобрдің асыл металдар зертханасына аға лаборант лауазымына жұмысқа қабылданды. Қазмеханобрде еңбек ете жүріп Қазақ мемлекетттік университетін тәмамдап «химик» мамандығы бойынша диплом алды.
«ҚР МШКҰ ҰО» РМК «ҚАЗМЕХАНОБР» мемлекеттік - өнеркәсіптік экология жөніндегі ғылыми - өндірістік бірлестігі филиалында еңбек ету барысында барлық алтынды кендерге зерттеулер өткізу әдістерін меңгеріп инженерден бас маманға дейінгі лауазымдық сатыдан өтті. Зертханада өткізілетін зерттеулер бойынша барлық технологиялық үдерістерді меңгерген.
Қазіргі таңда ол сынамалық талдау тобының жетекшісі, құрамында асыл металдар бар әр түрлі өнімдердің сынамалық талдау облысындағы жоғары кәсіпті маман.

Өз білімін үнемі арттырып жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Еңбегіне адалдығы үшін бірнеше рет грамоталармен марапатталып алғыс жарияланды.

Людмила Андреевна ұжымда тіл тапқыштығы үшін құрметке бөленуде.

Басшылық, әріптестері мерейтой иесін шын жүректен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. 

Л.А. Мазяркина 70 - жылдық мерейтойына байланысты және   50-жылдық жоғары кәсіби еңбегі үшін грамотамен марапатталып ақшалай сыйақы алды.

 

Мерейтойыңызбен,  Людмила Андреевна!

 

Салтанатты іс-шараның кейбір сәттері төмендегі фотосуреттерде ұсынылған.

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу