banner glavkz

_____________________________________________________________________________________ 

23.10.2019 ж.

«Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ Ғылыми-техникалық кеңесінің салтанатты кеңейтілген отырысы

 

2019 жылдың 23 қазанында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» РМК «Қазмеханобр» Мемлекеттік – өнеркәсіптік экология жөніндегі ғылыми-өндірістік бірлестігі филиалында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, асыл металдар зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Людмила Сергеевна Болотованың 80 жасқа толу мерейтойы және еңбек қызметіне 50 жыл толуына арналған «Өмір-алтын» деп аталатын Ғылыми-техникалық кеңесі (ҒТК) салтанатты кеңейтілген отырысы өткізілді.

Салтанатты жиынды құттықтау сөзбен Қазмеханобрдің директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, х.ғ.к., доцент С.Т. Шалғымбаев ашты.

 

Сервистік қызмет көрсету және ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкерлері дайындаған Л.С. Болотованың өмірі және еңбек жолы туралы видеоролик қөрсетілді.

 

Салтанатты жиында, Қазмеханобрдің ҒТК мүшелерінен басқа «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» РМК басшылары қатысып құттықтау сөздер айтылды:
-      Жәрменов Ә.А., Бас директор, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты.
-      Терлікбаева А.Ж., Бас директордың бірінші орынбасары, т.ғ.д., академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
-      Ефремова С.В., Бас ғылыми хатшы, т.ғ.д., профессор,
 

Сонымен қатар шақырылған өкіл қонақтар:

1. Навои тау-кен металлургиялық комбинаты (Өзбекстан):
-      Эргашев У.А., технологиялық бөлім бастығы, т.ғ.д. 
 
2. «АК Алтыналмас» АҚ:
-      Дюсенаев М.Н., Өндіріс департаментінің директоры,
-      Дж. Геронимо, Металлургиялық жобалар бойынша техникалық жетекші,
-      Ұлтарақова Д.Д., Сапаны бақылау бойынша техникалық жетекші,
т.ғ.к. 
 
3. Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеулер техникалық университеті:
-      Луганов В.А., т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің ардагері,
-      Байқоңырова А.О., т.ғ.д., «Металлургиялық үдерістержылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының профессоры, Жаратылыстану ғылымдар Ұлттық Академиясының және Ақпараттандыру Халықаралық Академиясының толық мүшесі.
 
4.  «Әсем Тас-Н» ЖШС:
-         Калмыков В.А., Бас директор, ҚРМРА академигі, Ш.Е. Есенов атындағы сыйлықтың лауреаты.
-         Топоев А.Н., Бас директордың орынбасары, ҚР МРА академигі, Ш.Е. Есенов атындағы сыйлықтың лауреаты.
 
5. «Purolite Limited» компаниясы:
-         Ушурбакиев З.В., Орталық Азия өкілдігінің басшысы, PhD докторы.
 
6. «Балхаш геологиялық әртелі» ЖШС:
-         Мұстафаев А.Т.
 
7. «A A Engineering Group» АҚ:
-         Ізбасарова С., Әкімшілік бөлімінің бастығы.
 
8. Қазмеханобр ұжымы және ардагерлері:
-         Махмудова А.У.;
-         Петров А.И.;
-         Ремизов И.С., Сантехникалық бөлім бастығы;
-         Ли Э.М., Ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасарының м.а., академик Букетов атындағы сыйлықтың лауреаты;
-         Ниязов А.А., Минералдық ресурстарды кешенді пайдалану зертханасының меңгерушісі, академик Букетов атындағы сыйлықтың лауреаты, т.ғ.к.
 

9. Асыл металдар зертханасының ұжымы.

Мерейтой иесіне арналған ҒТК салтанатты жиынында «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық Орталығы» РМК бас директоры Ә.А. Жәрменов 80 жасқа толу мерейтойына байланысты, көп жылғы жемісті еңбегі үшін Людмила Сергеевнаны Ұлттық Орталықтың Құрмет грамотасымен марапаттады және Л.С. Болотованың кандидатурасын мемлекеттік марапаттауға Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігіне ұсыныс жасайтынын хабарлады.

 

Сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындардың құттықтау хаттары және естелік сыйлықтары тапсырылды:
-     «Атығай Голд Майнинг» ЖШС және жекелей бас директор А.А. Марьин мен басдиректордың орынбасары А.Г.Егеревтен,
-     «СЖС Восток Лимитед» АҚ Чита қ. және жекелей Металлургия зертханасының Бизнес менеджері Е.В.Глотовадан,
-     Мемлекеттік кәсіпорын «Смолы» (Украина) және жекелей директор А.В.Евсеевтен,
-     «Марум Жар Голд» ЖШС және жекелей Н.К.Ташметовтен.
 

Мерейтойлық іс-шараның кейбір сәттері фотосуреттерде ұсынылған.

 

 

(ұлғайту үшін, суретке басыңыз )
(жабу үшін -Esc кл. басыңыз)  
                             

 

 

  

   ______________________________________________________________________________________

Алдыңғы бетке қайта оралу